12.05.2022, 16:01 18746

Қазақстанда бір айда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 22,5%-ға азайды

Қазақстанда бір айда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 22,5%-ға азайды
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 12 МАМЫР - 2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 52 520 мәміле тіркелді, наурыз айымен (67 801) салыстырғанда көрсеткіш 22,5% кеміді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сатып алудың ең көп саны Қарағанды облысында – 8 898, одан кейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, тиісінше 6 583 және 5 900 шарт. Наурыз айында да дәл осы үш аймақ тұрғын үй нарығының саудасында көш бастаған болатын. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы - 958. 
 
Қазақстандықтарды көбіне көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырған, барлығы – 38 149 мәміле. Көп пәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан 2-бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Сәуірде 15 мыңнан астам 2-бөлмелі пәтер рәсімделді, ал 1-бөлмелісі одан сәл аз – 13 мың. Жеке үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделді. Жер үйлерді Алматы, Кызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарды құп көрген.
 
2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 12% кеміді. Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда ең көп кемуі Маңғыстау облысында тіркелді - 48,9%.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, бір жыл ішінде Қазақстандағы пәтерлердің бағасы 27,7%-ға өсті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны