16.06.2021, 21:56 20012

Қазақстанда бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері қысқарады

Түзетулер "оффтейк-келісімшарттар" түрінде мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді кепілдендірілген шарттар жасасуды көздейді.
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Аталған заң жобасымен жұмыс істеуде депутаттар өнім берушіні таңдау процесін едәуір жеңілдетуге және жылдамдатуға, сондай-ақ ашық бәсекелі нарық құру есебінен бюджет қаражатының үнемделуін арттыруға мүмкіндік беретін "электрондық дүкен" ұғымын нақтылауға; әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету үшін ғана емес, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін де жеке шотқа ақша салуға мүмкіндік беретін "электрондық әмиян" ұғымын нақтылауға; сатып алынатын тауарларды автоматтандырып сәйкестендіру мақсатында тауарлардың біріздендірілген сипаттамасын қалыптастыруға арналған "электрондық тауарлар каталогы" деген жаңа ұғымды енгізуге; "оффтейк-келісімшарттар" түріндегі мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді кепілдендірілген шарттар жасасуға және тағы басқа да бірқатар маңызды түзетулер енгізді.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны