02.12.2021, 20:56 36342

Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңге деңгейінде бекітілді

Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңге деңгейінде бекітілді
НҰР-СҰЛТАН. 2 ЖЕЛТОҚСАН - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ақорданың ақпараты бойынша, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заң жобасының 9-бабына өзгерістер дайындады, оған сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
 
1) жалақының ең төмен мөлшері - 60 000 теңге; 
 
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 19 450 теңге; 
 
3) зейнетақының ең төмен мөлшері - 46 302 теңге;
 
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 3 063 теңге;
 
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 36 018 теңге.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны