Система Orphus

Қазақстанда микро- және шағын бизнесті 3 жылға салықтан босату және тексеріс жүргізуге мораторий күшіне енді

04.02.2020, 19:58 8452

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда микро- және шағын бизнесті 3 жылға салықтан босату және тексеріс жүргізуге мораторий күшіне енді.

2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес, микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату және тексеру жүргізуді тоқтату бойынша тапсырма берілді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары м.а. Жәнібек Нұржанов мәлімдеді.

Микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату және тексеру жүргізуді тоқтату бойынша тапсырма берілгені барлығына мәлім.

Осыған байланысты, салық заңнамасына тиісті түзетулер енгізіліп және "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығы қабылданды.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің ережелеріне сәйкес:

Жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 15 адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі айлық есептік көрсеткіштің 30 мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 100 адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі айлық есептік көрсеткіштің 300 мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Арнаулы салық режимдерін (патент негізінде, оңайлатылған декларация негізінде, тіркелген шегерімді пайдаланумен, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін, сондай - ақ, шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимін) қолданатын және микро және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып танылатын тұлғалар 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 57-4-бабының ережелеріне сәйкес, 2020 жылдың 01 қаңтарынан 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығында алынған табыстарға салынатын салықтан босату бойынша ережелерді қолдануға құқылы (бұдан әрі - босату).

"2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, төленуге жататын:

1) осы Кодекстің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа);

2) осы Кодекстің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасын;

3) осы Кодекстің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайтады деп белгіленсін.

Босату бойынша ережелер:

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті;

2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

4) лотерея өткізуді;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;

6) радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті;

7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

8) аудиторлық қызметті;

9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;

10) кредиттік бюролардың қызметін;

11) күзет қызметін;

12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті;

13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;

14) пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті;

15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді;

16) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

СЭҚ-ті жүзеге асыратын тұлғалар деп, Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттері болып табылмайтын, үшінші елдердің аумағына/аумағынан тауарлар әкелуімен / апаруымен айналысатын салық төлеушілері қарастырылатыны атап өткен жөн (Армения Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларус Республикасы және Қырғыз Республикасы).

Сонымен, арнаулы салық режимдерін (патент негізінде, оңайлатылған декларация негізінде, тіркелген шегерімді пайдаланумен, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін, сондай - ақ, шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимін) қолданатын және микро және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып танылатын тұлғалар, жоғарыда аталған баппен белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, 2020 жылдың 01 қаңтарынан 2022 жылдың 31 желтоқсан аралығында алынған табыстарға салынатын салықтан босатуға жатады.

Бұл ретте, аталған үш жылдық мерзімде пайда болған салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерге ғана босату жүргізіледі. Салық төлеушілер салықтық есеп нысандарын тапсырып, бақылау - касса машинасын қолдануға тиіс. Декларация тапсырған кезде, алынған табыстар бойынша деректерді көрсетіп, төленуге жататын салық сомасын 0 деп көрсету қажет.

Біздің деректер бойынша барлығы 1,2 млн. кәсіпкерлік субъектісін босатуға жатады немесе бизнес субъектілердің барлық санының 75 %.

Мораторий енгізу туралы

Мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізілетін тексерулер бөлігінде:

- кедендік тексерулер;

- қарсы салықтық тексерулер;

- салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау, салық органдарында тіркеу есебіне қою, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімдерді орындау мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тексерулер;

- өз қызметіне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

- жер қойнауын пайдаланушылар тексерулері мораторийге қосылмайды.

Бұл ретте, осы мораторий 2019 жылы басталған тексерулерге тарамайды, кәсіпкердің өлшемділігіне тәуелсіз аяқталуға жатады.

Бұл ретте,

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты әрекетті;

2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

4) лотереялар өткізуді;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;

6) радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызметті;

7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агенті қызметінен басқа);

8) аудиторлық қызметті;

9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті;

10) кредиттік бюролар қызметін;

11) күзет қызметін;

12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды.

Мемлекеттік кірістер органдары тексерулердің санын төмендету бойынша жоспарлы түрде жұмыс атқаруда. Осылай, 2019 жыл үшін мемлекеттік кірістер органдарымен 27 187 салықтық тексеріс өткізіліп, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 28,7 % азайды.

Кешенді және тақырыптық тексеру саны 6957 құрып, оның ішінде 5089 шағын бизнес субъектілерін тексерулері, немесе барлық тексеріс санының 73%.

Шағын бизнес тексерулері бойынша 72 млрд.тенге қайта есептеліп, жалпы есептелген соманың 21 % құрайды (2019 жыл үшін барлығы 343,5 млрд.тенге қайта есептелді).Осылай, қайта есептеудің 79 % орта және ірі кәсіпкерлік субектілеріне қатысты.

Осылай, мемлекеттік кірістер органдары жағынан әкімшілік қысым төмен және тек тәуекелді салық төлеушілерге қатысты жолданған.

Мораторий енгізуді ескеріп, тексеруді ерекше рет бойынша тағайындаудың 693 салық төлеушіні тексеру жоспарланған, оның ішінде 151- ірі кәсіпкерлік субектілеріне, 542 - орта кәсіпкерлік субектілеріне.

Бұл ретте, мораторий енгізуге байланысты тексерулердің жалпы санының болжамды төмендеуіне қарамастан, ірі кәсіпорындарды тексеру көп шығын қажет етеді. Осылай, инспекторларға жүктелім төмендеуі болмайды.

Сонымен қатар, тәуекелдерді басқару жүйесін іріктеу критерияларын жетілдіру және мемлекеттік кірістер органдарының өкімінде бар деректерді талдау арқылы бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар күшейтілуіде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны