10.06.2019, 20:03 7676

Қазақстанда Н-145М әскери тікұшақтары өндірілетін болады

Келіссөздер барысында киберқауіпсіздік және цифрлық даму салаларындағы ынтымақтастықтың келешегіне ерекше назар аударылды. Тараптар әскери-техникалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыру және өзара инвестициялар тарту туралы уағдаласты

Нұр-Сұлтан. 10 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда Н-145М әскери тікұшақтары өндірілетін болады.

Бұл туралы қару-жарақ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-француз комиссиясының VIII отырысында белгілі болды. Әскери тікұшақтарды құрастыру "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС базасында жолға қойылатын болады. Бұған дейін біздің елімізде әскери тікұшақ құрастырылмағанын және Қазақстанның Орталық Азияда алғашқы болып аталған өндірісті қолға алып отырғанын айтып өткен жөн. Осы себепті, аталған кәсіпорынның базасында осындай санаттағы, оның ішіндеОрталық Азия мемлекеттерінің қарулы күштеріндегі тікұшақтарға да сервистік қызмет көрсету жоспарлануда.

Отырыста ҚР Қарулы күштері мен үшінші елдердің мүддесі үшін қару-жарақ пен әскери техниканың перспективалы түрлерін өндіру үшін инвестициялар мен технологиялар трансфертін арттыруға баса көңіл бөлінді.

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Талғат Жанжүменовтың төрағалығымен өткен комиссия жұмысына Қазақстанның мемлекеттік органдары мен қорғаныс кәсіпорындарының және әскери өнеркәсіп саласында әлемдік көшбасшылар қатарынан табылатын Nexter, Safran, Thales, Airbus секілді Францияның оннан астам қорғаныс кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Француз делегациясын Франция қарулы күштері министрлігінің өкілі, қару-жарақ жөніндегі генерал-инженер Том Лерн басқарып келді.

Екі күндік жұмыс нәтижесінде бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Тараптардың Safran компаниясымен бірлесіп, ресейлік және европалық үлгідегі тікұшақтар үшін шолу жүйелерін құрастыру, сондай-ақ СУ-30СМ ұшақтары үшін авиациялық электроника өндірісі мен сервисін ұйымдастыру жобаларын іске асыру туралы келісімге келгенін атап өткен жөн.

Келіссөздер барысында киберқауіпсіздік және цифрлық даму салаларындағы ынтымақтастықтың келешегіне ерекше назар аударылды. Тараптар әскери-техникалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыру және өзара инвестициялар тарту туралы уағдаласты.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

Анықтама: "Еврокоптер Казахстан инжиниринг" ЖШС -ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша 2011 жылдың сәуір айында құрылған бірлескен кәсіпорын. Тікұшақтарды құрастыру жобасы паритетті негізде жүзеге асырылады: "Қазақстан инжиниринг "Ұлттық компаниясы" АҚ және "Airbus Helicopters" компаниясы EC145 тікұшақтарын құрастыру бойынша ТМД аумағындағы жалғыз зауыт, сондай-ақ орыс тілінде оқытатын алғашқы оқыту орталығы болып табылады. "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС бірлескен кәсіпорнының мақсаты- аймақтағы тікұшақ техникасына деген қажеттілікті қанағаттандыру, тікұшақтарды құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ техниктер мен ұшқыштарды оқыту, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны