17.05.2022, 15:58 10106

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі қаңтар-сәуірде 4,7%-ға артты

Газ конденсатын қоса алғанда, мұнай өндіру есепті кезеңде 5%-ға артып, 29,5 млн тоннаны құрады.
НҰР-СҰЛТАН. 17 МАМЫР - Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы қаңтар-сәуірде 104,7% құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде тіркелді, 2021 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда айтарлықтай өсім Алматы қаласында (113,5%), Жамбыл (110%), Ақмола (109,6%) және Атырау (109%) облыстарында байқалды. Бұл ретте төмендеу Қызылорда облысында тіркелді.
 
2022 жылғы қаңтар-сәуірде 15 439 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында (жалпы көлемнен 52,1%) – 8045,2 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібінде (41,5%) – 6411,5 млрд теңге.
 
2021 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда шикі мұнай (105%) және табиғи газ өндіру (106,4%), сусындар (118,7%), темекі өнімдері (119,3%), химия (108,5%) және металлургия өнеркәсібі (104,1%), резеңке және пластмасса бұйымдары (114,3%), фармацевтика (106,4%) және өзге де бейметалл минералдық өнімдер (109,5%) өндірісінің өсуі байқалды.
 
Газ конденсатын қоса алғанда, мұнай өндіру есепті кезеңде 5%-ға артып, 29,5 млн тоннаны құрады.
 
Бензин өндірісі 4,2%-ға, 1,6 млн тоннаға дейін өсті.
 
Ұн өндірісі 21%-ға артып, 1,2 млн тоннаны құрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны