02.02.2021, 19:18 16690

Қазақстанда қосылған құн салығын әкімшілендіруде Blockchain-технологиясын енгізу жоспарлануда

Blockchain-технологиясы салық төлеуден жалтару тәуекелін айтарлықтай төмендетеді және қолма-қол ақша алу жөніндегі мәмілелерді қысқартады.
Нұр-Сұлтан. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда қосылған құн салығын әкімшілендіруде Blockchain-технологиясын енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 
Blockchain-технологиясы салық төлеуден жалтару тәуекелін айтарлықтай төмендетеді және қолма-қол ақша алу жөніндегі мәмілелерді қысқартады, деп есептейді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
 

Қашықтан өзара әрекеттесуге негізделген ірі бизнестің көлденең мониторингі бойынша пилоттық жоба басталды. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтар біріктірілді. Көп пәтерлі тұрғынүйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталды. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың меншігіне салық төлеу ыңғайлы болу үшін "E-Salyq Azamat" мобильдік қосымшасы әзірленді. Атап айтқанда, POS-терминал мен онлайн-бақылау кассалық машинасын қолданатын жеке кәсіпкерлердің салық есептілігін ұсынудан босату бөлігінде "E-Salyq-business" қосымшасы әзірленуде. Жалпы алғанда, жеке кәсіпкерлерді тіркеу мен жабуды, салық есептілігін тапсыруды оңайлату, банк комиссиясын және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеуді алып тастау көзделеді", — деді Е. Жамаубаев.

 
Оффшорлық юрисдикцияларға транзакциялар бойынша оффшорлық алымды енгізуді қамтамасыз ету үшін уәкілетті органмен бірлесіп заңнамаға қажетті түзетулер пысықталуда. 
 

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін мемлекет шекарасындағы заңсыз сауда айналымына қарсы кедендік әкімшілендіруді жақсартуды көздейтін Кешенді бағдарлама әзірленетін болады", — деді министр. 

 
Сонымен қатар, бүгінгі таңда 100% электронды кедендік декларациялау жүзеге асырылды. "Бірыңғай терезе" және "АСТАНА-1" АЖ-і енгізілді, Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану басталды. 
 

ҚХР-мен тауарлардың экспорттық декларацияларының мәліметтерін онлайн режимде алмасу жүргізілуде. Осыған ұқсас жұмыстар басқа елдермен де жүргізілетін болады. Арнайы займ шеңберінде 9 авто және 1 т/ж өткізу пунктін жаңғырту жоспарлануда", — деп түйіндеді қаржы министрі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны