02.02.2021, 19:47 12223

Қазақстанда Құрылыс жобаларының жаңа мемлекеттік банкі іске қосылды

"Бүгінгі таңда бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыру кезінде үлгілік жобаларды міндетті түрде қолдану заңнамамен белгіленген. Биыл 10 қаңтарда құрылыс жобаларының жаңа мемлекеттік банкі іске қосылды, онда 150 жоба бар".
Нұр-Сұлтан. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда Құрылыс жобаларының жаңа мемлекеттік банкі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін шығындарды жоспарлау кезеңінде (техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама) жобаларды іске асыру кезінде бағаны көтеруге мүмкіндік бермейтін тетіктерді енгізуді тапсырған болатын.
 

Бүгінгі таңда бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыру кезінде үлгілік жобаларды міндетті түрде қолдану заңнамамен белгіленген. Биыл 10 қаңтарда құрылыс жобаларының жаңа мемлекеттік банкі іске қосылды, онда 150 жоба бар. Бұл оң сараптама қорытындылары бар жобаларды қайта қолдануға қосымша мүмкіндік береді", - деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

 
Ол, сондай-ақ, 2020 жылдың 1 мамырынан бастап сараптама порталында әлеуметтік нысандар құрылысы құнының шекті лимиттерін белгілейтін онлайн-калькулятор іске қосылғанын атап өтті.
 
Сонымен қатар, бюджет заңнамасында тыйым белгіленді, енді бюджеттен расталған қаржыландырусыз жобаларды әзірлеуге жол берілмейді. 
 

Оған қосымша, өңірлерде қажетсіз жобаларды әзірлеуді болдырмау үшін жоспарлау кезінде объектіні салалық орталық мемлекеттік органдармен алдын ала келісуді көздеуді ұсынамыз", — деді Б. Атамқұлов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны