13.07.2026, 11:07 21271

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың шекті бағасы бекітілді

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың шекті бағасы бекітілді
Сурет: Depositphotos
Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің бұйрығымен тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бұрынғы деңгейде қайта бекітілді.

"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары аясында 2026 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда тоннасына 59 722 теңге мөлшерінде бекітілсін", - делінген құжатта.


Бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Бұған дейін Қазақстанда газ саласындағы тариф саясаты қайта қаралатыны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны