09.01.2023, 15:36 24126

Қазақстанда соңғы 5 жылда алғаш рет тұрғын үй бағасы төмендеді

Қазақстанда соңғы 5 жылда алғаш рет тұрғын үй бағасы төмендеді
Сурет: Depositphotos
Айлық мәнде пәтерлерді қайта сату бағасы 1,5%-ға төмендеді

Астана. 9 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда 2018 жылдың наурызынан бері қолданыстағы тұрғын үй нарығындағы бағалар алғаш рет арзандады, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Айлық (2022 жылғы желтоқсан 2022 жылғы қарашаға қарағанда) мәнде пәтерлерді қайта сату бағасы 1,5%-ға төмендеді. Атап айтқанда, баға Астана (5,1%-ға), Шымкент (2,7%) және Ақтау (1,6%) қалаларында түскен", - делінген ақпаратта.


Сондай-ақ, желтоқсан айында абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады. Жаңа тұрғын үйді сату бағасы, керісінше, 0,4%-ға қымбаттады.

Бір жылда (2022 жылғы желтоқсан 2021 жылғы желтоқсанға) қолданыстағы пәтерлер саудасындағы бағалар - 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 15,6%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі алдыңғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы желтоқсанда 45% артты.

Өңірлер арасында жаңа үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 29,3%-ға, Ақтауда 26,6%-ға, Семейде 22,3%-ға қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға Семей (49,6%), Ақтөбе (42,4%), Қызылорда (39,8%), Ақтау (39,3%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай қалаларында қатты өскен (32,4%)", - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.


Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Алматы (70,5%), Қостанай (54,6%), Қарағанды қаласы (53,1%).

Болжамдарға сәйкес, 2023 жылы Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығын қиын кезең күтіп тұр: құрылыс көлемінің төмендеуі, құрылыс салушылар банкротқа ұшырауы мүмкін, жылжымайтын мүлік бағасының өсуі. Бұған жалпы экономикалық жағдай, құрылыс материалдарының қымбаттауы, төлем қабілеттілігінің төмендеуі және қолжетімді ипотеканың болмауы әсер етті. Сарапшылар тұрғын үй нарығы мен сұранысты ынталандыру қажет пе, қандай түрде және ол үшін не істеу керек деген сұрақтарға өз пікірлерін білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны