12.07.2022, 15:51 10971

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өсуде

2022 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 019 мәміле тіркелді.
Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өсуде
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 12 ШІЛДЕ - 2022 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 019 мәміле тіркелді, мамыр айымен (30 500) салыстырғанда көрсеткіш 1,7% артты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мәмілелердің саны бойынша, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр, тиісінше 4 410 және 3 850 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір Солтүстік Қазақстан облысы - 686.
 
Сонымен қатар, маусым айымен салыстырғанда Шығыс Қазақстан (-11%), Атырау (-9,1%), Батыс Қазақстан (-7,4%), Қарағанды (-5,4%) және Маңғыстау (-4,3%) облыстарында мәмілелер санының төмендеу қарқыны сақталуда.
 
Ведомствоның мәліметінше, қазақстандықтарды көбіне көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырады, онда барлығы 21 388 мәміле жасалған. Көп пәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан 2-бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие, маусымда 8,2 мың 2-бөлмелі, 7,4 мың 1-бөлмелі пәтер рәсімделді. Жеке үйлер бойынша 9 631 мәміле рәсімделді. Жеке үйлерді өзге аймақтарға қарағанда Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары көбірек сатып алады.
 
2022 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 42,6% кеміді. Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы маусыммен салыстырғанда ең көп төмендеуі Атырау облысында тіркелді – 64,8%.
 
Қазақстанда ЕДБ нарықтық ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасын ұсынады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны