04.11.2022, 13:36 22816

Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру бағасының төмендеуі байқалады

Теріс динамика қазан айының ортасында басталды, содан бері бағалар орта есеппен 20%-ға төмендеді.
Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру бағасының төмендеуі байқалады
Астана. 4 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Елімізде баспананы жалға беру бағасы біртіндеп төмендеп келе жатқаны байқалады. Теріс динамика қазан айының ортасында басталды, содан бері бағалар орта есеппен 20%-ға төмендеді.
 
Қазанның алғашқы екі аптасында тарифтер барынша өсті, деп жазды "Крыша". Баға көбінде Қазақстанның шекаралас қалаларында кеміген:
 
  • Петропавлда – 41%;
  • Ақтөбеде – 36%;
  • Павлодар мен Оралда – 32%.
 
Астанада пәтер жалдау ақысы 22 пайыздай, Алматыда 11 пайыздай дерлік төмендеді.
 
Ал қарбаласқа дейінгі кезеңде (1 қыркүйек) жалға беру ақысы орташа есеппен 25% жоғары күйінде қалып отыр.
 
Бүгін Астана мен Алматыда пәтерді жалға алу құны қыркүйек айымен салыстырғанда, сәйкесінше 28% және 33% дерлік жоғары.
 
Аптадағы, яғни 27 қазан – 3 қарашадағы өзгерістерге келетін болсақ, барлық дерлік қалаларда теріс үрдіс байқалды: Алматыда 3,6%, Астанада 4,6%. Ең жоғарысы Ақтөбе қаласында (-8,6%). Орта есеппен жалдау ақысы 3,8% төмендеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қыркүйек айында тұрғын үйді жалға беру ұсыныстарының бағасы жылдық мәнде 47,2%-ға өсті. Қыркүйек айында тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін жалдау ақысының орташа бағасы 4 612 теңгені құрады, бір ай бұрын ол 4 029 теңге мөлшерінде болған.

Тұрғын үйді жалға алу бағасы бір айдың ішінде Қостанай қаласында айтарлықтай қымбаттады, бірден 42,6%-ға. Баға қарқынды түрде Петропавл қаласында да өсті – 27%. Баға өсімінің үштігінде Қарағанды қаласы да бар, онда қыркүйек айында тұрғын үйді жалға алу бағасы тамызбен салыстырғанда 21%-ға өсті.

Бұған дейін Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстандағы жалдау нарығы толық реттелмегенін және оның басым бөлігі "көлеңкеде" тұрғанын айтқан болатын.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны