10.11.2020, 19:51 7609

Қазақстанда төреліктердің басым бөлігі бизнеске қысым жасау құралына айналуда

Алайда, Қазақстанда жеке қолға берілген төреліктердің қызметі іс жүзінде жиі жағдайда бизнеске қысым жасау құралы ретінде пайдаланылуда.

Алматы. 10 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда төреліктердің (арбитраж) басым бөлігі бизнеске қысым жасау құралына айналуда

Алматыда тұрақты жұмыс істейтін 12 төрелік қызмет атқарады, олардың қызметі "Төрелік туралы" заңмен реттелген. Заңда төрелік арқылы іс қарау деген тараптар еркінің автономиясын, заңдылық, тәуелсіздік және әділеттілік қағидаттарын сақтай отырып, жүзеге асырылады, деп бекітілген.

Алайда, Қазақстанда жеке қолға берілген төреліктердің қызметі іс жүзінде жиі жағдайда бизнеске қысым жасау құралы ретінде пайдаланылуда.

Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, бес арбитраждың, оның ішінде "Әділет арбитражы","Арбитраж ЕФ", "Алматы арбитражы", "Алматы арбитраждық соты" және "Алма-Ата арбитраждық сотының" қосылма белгілері бар және олар өз ара тікелей байланысқан, олардың сондай-ақ болашақта керекті шешімге ие болатын қуыным иесімен де байланыстары бар, түптеп келгенде, бұл арбитраждар іс жүзінде белгілі бір тұлғалар тобына "қызмет көрсететін" "қалталы" төреліктер болып табылады.

Әңгіме арасында қуыным жасаушылар бұл арбитраждардың өздерін қолдап шығатындарын ашық айтады, ал полиция және прокуратура органдарымен арада қалыптасқан байланыс оларды тіпті күшейте түскен. Арбитраждар автономды және тәуелсіз болуы керек, өйткені олар келіспеушіліктерді шешуге бағытталған маңызды әлеуметтік функцияны орындайды, оның ішінде ең алдымен бизнес ортадағы келіспеушіліктерді шешуге тиіс.

Кәсіпкерлерге қысым көрсету схемасы келесідей:

1. шарт бойынша анағұрлым күшті жақ (жалға беруші, кредитор, тапсырыс беруші) екінші тәуелді тарапқа (жалға алушы, қарыз алушы, орындаушы) төрелік ескертпені міндеттейді, онсыз шарт жасалмайды, деген дәлелдер келтіреді;

2. тәуелді тарапқа қысым жасау үшін нақты негіздер іздестіріледі, оның ішінде - жалға алу ақысын көбейту, қарызды мерзімінен бұрын өтету;

3. тәуелді тарап жағдайын нашарлататын шарттарды қабылдамаған жағдайда-төрелікке қуыным беріледі;

4. төрелік шешімді өтініш берушінің пайдасына шығарады.

Арбитраждардың едәуір бөлігі теріс пайдаланушылыққа жол ашып, көлеңкеде қалып отырады. "Төрелік туралы" заңда белгіленген нормаларға қарамастан, мұндай "қалталы" төреліктер Қазақстан Республикасының заңнамасын және көпшілік үшін белгіленген тәртіпті елемей, ойларына келгенді істейді- істі жүргізу қағидаларын өз бетінше белгілейді, мысалы, екінші тараптың пікірін ескермей өз қалауы бойынша төрешілерді тағайындайды, тізілімдерді жүргізбейді, регламентті нақты бір істің мүдделеріне орай өзгерте салады, өтініш берушімен байланыс болған кезде істерді қарайды, зардап шеккен тараптың дәлелдерін қабылдамайды.

Серік Нұрлихин, адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі:

"Қазіргі жағдай қоғамның тұтас алғанда арбитраж институтына деген сенімін әлсіретеді. Шын мәнінде бұл жүйенің үздіксіз жұмыс істеуі үшін бүгінде бәрі бар: арнайы заң, Арбитраждық палата және сот фильтры. Сонда не жетпейді?

Тұрақты түрде жұмыс істейтін барлық төреліктерді мүше ретінде қосу арқылы Төрелік палатаның рөлі мен беделін күшейту қажет деп санаймыз.

Төрешілер заңнаманы білетіндігін дәлелдеп, аттестаттациялаудан өтуі тиіс деп санаймыз, ол үшін профильді заңға тиісті толықтырулар енгізу қажет. Бұл мәселеде Арбитражды палатаның бастамашы болуы шарт".

Құқық қорғау органдары арбитражды теріс пайдалану туралы өтініштерді, арыздар мен шағымдарды зейін қойып қарауы керек.

Өткен жылдың соңында БАҚ-да "Әділет" халықаралық төрелік сотына" сот өкілеттігінің заңсыз берілгендігі туралы, сондай-ақ прокуратура органдарының оның заңсыз шешімдерінің күшін жою және осы төрелікті мәжбүрлеп тарату арқылы қызметіне тойтарыс бергендігі жөнінде ақпарат шыққан болатын.

Роман БОТАБЕКОВ, "Атамекен" ҰКП мүшесі:

"Дәл осы арбитраждағы заңсыз әрекеттердің анықталуы- айсбергтің бір ұшы ғана, деуге болады, бүгінгі күнде бізде қалыптасқан жағдайдағы бақылаусыз "қалталы" арбитраждар заңдарды елемейді және бизнесті жою құралы ретінде қызмет етеді, басқаша айтар болсақ, "рейдерлікке" ықпал етеді.

Оның үстіне, бұл арбитраждардың көпшілігі Төрелік палатада жоқ және онда мүше болғысы да келмейді. Сонымен қатар, өкінішке орай, көп жағдайда прокуратура органдары да, соттар да бұған қарсы болғысы келмейді немесе заңнамалық шектеулерге, болмаса жеке тұлғалардың тікелей мүдделеріне байланысты оларға қарсы тұра алмайды, Басқаша айтар болсақ, біздің арбитраждарымыз заңсыз шешімдер қабылдауда мүлдем еркін және бұл үшін ешқандай жауапты емес.

Отандық арбитраждарға қатысты қалыптасқан қазіргі жағдайды мемлекетіміз үшін қолайсыз деп санаймын, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төнуде, өйткені бұл жағдай "рейдерлікке" ықпал етеді. Сондықтан құқық қорғау және қадағалау органдарын бұл мәселеге жіті назар аударып, нарықтық экономиканың негізі болып табылатын кәсіпкерлікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға шақырамын".

Динара ЖЕМЕКЕШЕВА, "NABBI" ЖШС құқықтық мәселелер жөніндегі директоры":

"Бүкіл әлемде төрелік келіспеушіліктерді реттеудің мемлекеттік сотқа баламалы нысаны болып табылады, онда төрешілерді тараптардың өздері таңдайды, бұл ретте төрешілер бейтарап және тиісті кәсіби қасиеттерге ие. "Қалталы" арбитраждарға орай қалыптасқан қазіргі жағдай тұтас алғанда барлық арбитраждарға кері әсерін тигізеді, сәйкесінше барлық арбитраждарға деген сенімді бұзады, ал өз қызметін заңды және әділ жүргізетін арбитраждар да жоқ емес. Өкінішке орай, белгілі бір адамдарға арбитражды өз мақсаттарына жету үшін пайдалануға мүмкіндік беретіндей заңнамалық деңгейде "олқы тұстар" бар.

Қазіргі уақытта заңдылық деңгейде бар олқылықтар шешілуге тиіс:

-төреліктің ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талаптардың жоқтығы (көбінесе төреліктер ЖШС нысанында құрылады, мұндай жағдайда құрылтайшылар заңнамаға сәйкес салған ақша шегінде жауапты болмақ,оның көлемі 100 теңгеден кем болуы мүмкін);

- төрешілерге қойылатын біліктілік талаптарының болмауы (заң білімінің болуы жеткілікті);

-мәні бойынша төреліктердің шешіміне қарсы келу мүмкіндігінің жоқтығы;

- төрелік шешімінің күшін жою тек процестік бұзушылықтар кезінде ғана мүмкін, содан кейін өтініш беруші сол төрелікке, сол төрешіге қайтадан қуыным беруге құқылы;

- билік органдары тарапынан төрелікке бақылаудың жоқтығы (төреліктер мемлекеттік органдарға есеп бермейді);

- заңсыз шешім шығарғаны үшін төрешілердің жауапкершілігінің болмауы;

- шешімдердің ашық түрде жария етілмеуі (шешімдер ашық түрде қолжетімді емес).

Анықтама үшін:

1 мысал:

"NABBI" ЖШС мен "Үстел теннисі академиясы" ЖШС арасында үй - жайды жалға алу шарты жасалды, ол бастапқыда ірі инвестицияларды керек етті, жалпы құны 1 500 000 АҚШ долларынан астам соманы құрады.

Үй-жай жөнделіп, пайдаланыла бастағаннан кейін жалға беруші - "Үстел теннисі академиясы" ЖШС ойдан шығарылған негіздерге сүйеніп, келісімшартты бұзу туралы хабарлама жіберді, ал жалға алу келісімшартын бұзудың маңызды шарттары тікелей Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде қарастырылған.

Жалға алушы бас тартқаннан кейін жалға беруші - " Үстел теннисі академиясы" ЖШС бірден "Әділет" арбитражына" арызданады. "Әділет" төрелігінің төрағасы А.М. Төкенова бұл өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел бұза отырып қарайды және жалға алушының барлық дәлелдеріне қарамастан, шартты бұзу туралы шешім қабылдайды. Кейіннен мемлекеттік соттар іс жүргізу бұзушылықтары бойынша бұл шешімнің күшін жойды, содан кейін жалға беруші - "Үстел теннисі академиясы" ЖШС қайтадан арыз береді, ал "Әділет" арбитражында төрағалық етуші А.М. Төкенова қайтадан шартты бұзу туралы шешім шығарады.

Паралелльді түрде кездесу өтті, онда түпкілікті бенефициар "Үстел теннисі академиясы" ЖШС сотқа жүгінудің пайдасыз екенін ашық айтты, өйткені "бәрі қолда", қалай болған күнде де төреліктің шешімді өтініш берушінің пайдасына шығарып беретіндігін мәлімдеді. Кездесуден кейін жалға алушыға ай сайынғы жалға алу ақысын 3 еседен аса сомаға көтеру немесе бұл үй-жайды сатып алу туралы шарты қойылған бітімгершілік келісім жасасу мүмкіндігі туралы хат ұсынылған. Шын мәнінде қуыным ойдан қиыстырылған, ал арбитраждық талқы жалға алу ақысын үш еседен астам сомаға көтеріп, жалға алушыға қысым жасау немесе үй-жайды сату мақсатында қолға алынған.

Қазіргі уақытта жалға алушыға "Әділет" арбитражы " мен "Үстел теннисі академиясы" ЖШС арасында тікелей өзара байланыстың бар екендігі туралы белгілі болды":

* "Әділет арбитражының" құрылтайшысы Буралхиева Дана Сағатқанқызы - оның туған әпкесі Буралхиева Лаура Сағатқанқызы "TOP CAPITAL" ЖШС құрылтайшысы (БСН 140640003281), ал "Top CAPITAL" ЖШС "ЛТО ГРУПП" ЖШС құрылтайшысы (БСН 160640025503);

* "Үстел теннисі академиясы" ЖШС тең құрылтайшысы және бұрынғы директоры-Омар Ахан, ол бұрын "ЛТО ГРУПП" ЖШС директоры болған (БСН 160640025503);

* "Үстел теннисі академиясы" ЖШС-нің "STANDARD post" ЖШС-мен (БСН 140140019606) және "GLOBAL STANDARD" ЖШС-мен (БСН 150740026937) бірыңғай мемлекеттік тіркеу мекенжайы бір, бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестер "ЛТО ГРУПП" ЖШС-нің құрылтайшылары болып табылады (БСН 160640025503);

* "Үстел теннисі академиясы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Сұлтан Әсел Сейдахметқызы бұрын "Арбитраж ЕФ" ЖШС-нің құрылтайшысы болған (БСН 160640010595) (алдында "Алматы қаласының арбитражы") оның төрешілері "Әділет" арбитражының төрайымы А. М. Тукенова және "Үстел теннисі академиясы" ЖШС өкілдері Т. У. Тойшыбеков, К. С. Мамытбаев және З. С. Мусина;

* "Әділет" арбитражына төрағалық етуші А. М. Төкенова бір мезгілде Арбитраж ЕФ" ЖШС-нің төрайымы (БСН 160640010595) (бұрын "Алматы қаласының арбитражы"), оның төрешілері "Үстел теннисі академиясы" ЖШС өкілдері Т. У. Тойшыбеков, К. С. Мамытбаев және З. С. Мусина;

* "Үстел теннисі академиясы" ЖШС өкілдері Т.У. Тойшыбеков, К. С. Мамытбаев, З. С. Мусина және "Әділет" арбитражының төрағасы А. М. Тукенова "Алматы қаласы арбитражының" бір алқалық құрамында болған.

"Үстел теннисі академиясы" ЖШС мен "Әділет арбитражы" арасында жоғарыда көрсетілген байланыстың болуы, сондай-ақ" Әділет арбитражының барлық шешімдерді "Үстел теннисі академиясы" ЖШС пайдасына шығаруы аталған тұлғалардың факті бойынша өз ара ымыраласқандығын көрсетеді және түптеп келгенде "Әділет" арбитражы" "Үстел теннисі академиясы" ЖШС-нің , атап айтқанда, түпкілікті бенефициар Қайыржан Мимикеновтың "қалталы" арбитражы болып табылатынын көрсетеді.

Атап кету керек, мұндай шешім қабылдауға заңды негіз жоқ - жалға алушы келісімшартты дұрыс орындауда және пандемия жағдайына қарамастан жалдау ақысын кешіктірусіз төлеуде. Өз кезегінде шартты бұзу әлеуметтік шиеленісті тудырады, 200-ге жуық адам осы қиын уақытта жұмыссыз қалмақ.

Мысал 2:

"ЛТО ГРУПП" ЖШС және "May Invest" ЖШС арасында 1 млрд теңгеге несие шарты жасалды, кепіл берушілер-Ботабеков Р., Темірханова А., "Тұран экспресс" жолаушылар компаниясы" ЖШС және "Тұран экспресс" ЖШС.

Келесі күні тараптар кепілдік берушілерді хабардар етпей, олар үшін өте тиімсіз шарттар негізінде кепіл шарттарына қосымша келісімге қол қойды (жеңілдікті кезең қысқартылған, ай сайынғы төлем мөлшері ұлғайтылған және қарызды өтеу мерзімі қысқартылған).

Кейіннен, қарызды өтеудің алты айлық жеңілдікті кезеңін күтпей - ақ, кредитор "Алматы төрелігіне" - төрағалық етуші "Алматы төрелігі" А.М. Төкеноваға істі талқылау туралы бастамашы болады, төрайым болса талапты қанағаттандыру туралы бірден шешім шығарған.

"ЛТО ГРУПП" ЖШС бірден "Алматы Арбитражына" кепілдік мүліктен өндіріп алу туралы жаңа талап -арыз берді және "Алматы арбитражында" төрағалық етуші А.М. Төкенова "Тұран экспресс" ЖШС мен "Тұран экспресс" ЖШС кепілдігін, үлесінің 100% - ын, тұрғын үй мен жер телімдері бар ғимаратты, сондай-ақ жалпы құны 610 млн. теңге болатын 52 вагонды меншікке айналдыру туралы шешім шығарды.

Мысал 3:

Қ.М. Мимикенов пен Е. Шәкібаев арасында кепілдік шарты жасалды, оған сәйкес Е. Шәкібаев М. Мимикенов алдында 300 000 $ сомасына ортақ жауапкершілік алады.

Шын мәнінде, Е.Шәкібаев бұл шартқа қол қойған жоқ, өйткені ол тұрақты түрде АҚШ-та тұрады және кепілдік шартына қол қоя алмаған, өйткені шарт жасалған күнге дейін бұрын ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған, мұны ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен АҚШ көші-қон қызметінің ресми мәліметтері растаған.

Алайда "Арбитраж ЕФ" (бұрынғы "Алматы қаласының төрелігі") А. М. Төкенова Қ.Мимикеновтың пайдасына Е. Шәкібаевтан 300 000 $ борыш пен 200 000 $ өсімпұлды және 1 265 649 теңге мөлшеріндегі төрелік алымды өндіріп алу туралы шешім шығарды.

3 мысал да "Әділет арбитражы" , "ЕФ арбитражы", "Алматы арбитражының" шын мәнінде "қалталы" төреліктер болып табылатынын және құрылтайшыларының құрамына 26 тұлға кіретін, түпкі бенефициары Қайыржан Мимикенов болып саналатын "ЛТО ГРУПП" ЖШС-мен (бұрын "Harvest Finance "кредиттік серіктестігі" ЖШС деп аталған) тікелей немесе жанама түрде өзара байланысты тұлғалардың бір тобына қызмет ететіндігін көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны