16.01.2020, 14:33 15322

Қазақстанда өткен жылы соңғы тауар алушыны жалған көрсетудің 1,5 мыңнан астам оқиғасы анықталды

РФ-дан ҚР-ға және кері қарай транзиттік тауарларды әкелу фактісі анықталды, олар ҚР аумағында қалды. Мұндай тауарлар бойынша айналым 8,2 млрд. теңгені құрады, импортқа ҚҚС төлемеу түріндегі залал сомасы 984 млн.теңгені құрады.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan Today - Қырғызстан Республикасынан Ресей Федерациясына 2019 жылы кері әкелінетін жүктерді талдау қорытындысы бойынша ҚР жалған резиденттерінің атына (зергерлік бұйымдар, валюта, халық тұтынатын тауарлар және т.б.) тауар әкелудің 3,5 мың фактісі анықталды, мұндай тауарлар бойынша айналым 12,5 млрд. теңгені құрады, импортқа ҚҚС төлемеу түріндегі шығын сомасы 1,5 млн. теңгені құрады.

Сонымен қатар, РФ-дан ҚР-ға және кері қарай транзиттік тауарларды әкелу фактісі анықталды, олар ҚР аумағында қалды. Мұндай тауарлар бойынша айналым 8,2 млрд. теңгені құрады, импортқа ҚҚС төлемеу түріндегі залал сомасы 984 млн.теңгені құрады.

Осыған байланысты, 2019 жылдың қарашасынан бастап қытайлық тауарлар мен төмендетілген бағамен әкелінетін тауарларға қатысты бақылау күшейтілді.

Нәтижесінде 2019 жылғы 31 желтоқсанға қарай 517 автокөлік құралы тексерілді, оның ішінде 489 жағдайда (94%) тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтердің іс жүзінде өткізілетін тауармен сәйкессіздігі анықталды.Мысалы, тасымалдаушы тауарларды өткізу кезінде жүк алушының екі мекен-жайын көрсете отырып, бір мезгілде 2 тауарға ілеспе құжатты ресімдеген, олардың біреуі Ресей Федерациясына ("Қарасу" АПП ұсынылған), екіншісі Қазақстан Республикасына. Визуалды тексеру барысында орамдарда (теңдерде) Алматы қаласында тауар алушылардың байланыс деректері бар жазу бар.

Бұдан әрі, тасымалдаушы осы тауар бойынша ҚР-да импорт ретінде ресімделген тағы бір тауарға ілеспе құжатты (CMR) ұсынды.

Осылайша, тауарларды импорттау кезінде салық төлеуден жалтару мақсатында тасымалдаушы 2 ілеспе жүкқұжаттар құжаты (СМR) ресімдеді және ҚР аумағына АӨБ Қарасу арқылы кіру кезінде CMR-де тауарды алушы РФ деп таныстырды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 қазанынан бастап "Қарасу", "Жайсан", "Сырым" АӨБ, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша МКД навигациялық электрондық пломбаларды қолдану арқылы пилоттық жоба іске қосылды. (2020 жылдың ақпан айына дейін) Пилоттың басынан бастап барлығы 612 пломба орнатылды, 548 - алынды, 64 - жолда (494 АТС), оның ішінде бір апта ішінде: 17 пломба орнатылды, 28 - алынды, 7 - жолда.

Анықталды:

- Пломбаларды ілгеннен кейін РФ мен Қырғызстанға транзиттен бас тартудың 24 фактісі;

- Бағыттан ауытқудың 7 фактісі.Анықтама үшін: Алматы қ. - Барыс және өжет базарларында 2 АТС (ТНП және автокөлікке арналған май), Нұр-сұлтан Қ. - 2 АТС Шарын базарында (жаңа піскен алма мен алмұрт), Қарағанды - 1 АТС Шығыс базары (жаңа піскен алма мен алмұрт), Шымкент - 1 АТС, Ақтөбе - 1 АТС - Алматы базары (ТНП). Тасымалдаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4 АТС бойынша 2,4 млн. теңге көлемінде импортқа ҚҚС өндірілді.Қырғызстаннан келген тасымалдаушылар Ресей Федерациясының ілеспе құжаттарында жол жүрудің соңғы пункті ретінде мәлімдеген. Алайда, тауар (жаңа піскен алмұрт және алма) Нұр-сұлтан және Қарағанды қалаларының базарларында болды. Екі жағдайда да бір заңды тұлға жөнелтуші болды.

Мысалы,Бірінші жағдай Нұр-сұлтан қ. "Шарын" базарында тіркелді. Навигациялық пломба мәлімделген бағыттан ауытқуы туралы сигнал берді - фура базар аумағында екі күн бойы қозғалыссыз тұрды, бұл туралы диспетчерлер МКК экспорттық бақылау басқармасына хабарлады. Белгілі болғандай, автокөлік базарға 2019 жылы 31 қазанында келді.

2019 ж. 3 қарашада транзиттік жүкті базар аумағында сату фактісі тіркелді. Навигациялық пломба тросын кесіп, тіркеменің есігі ашылды. Пломбаның өзі шанақтың темір сейфінде болды. Шекараның қиылысу кезінде машинада 19,3 тонна жеміс болды. Астанада базардан табылған кезде ол 10 тоннадан астам тауарды сатып үлгерді.

Бұл туралы түсініктемені жүргізуші, бірнеше рет көлік және рефрежератор істен шыққан деп хабарлады. Бұл туралы ол тауар иесіне хабарлады. Өз кезегінде ол астаналық нарыққа шығып, тауар сатуды ұсынды. Қазіргі таңда Қарағандының тауар иесі Байқоңыр ауданы бойынша МКБ-не түсініктеме беру және ҚҚС сомасын төлеу үшін Нур-Султан қаласының МКД жіберіледі.

Транзитті бұзудың екінші жағдайы Қарағанды қаласының "Шығыс" базарында анықталды. Жүргізуші навигациялық пломба сервисінің диспетчеріне көліктің сынуы туралы хабарлады және осы тауардың тез бүлінуіне байланысты жеміс-жидектерді сату туралы шешім қабылдады. Осы мәселе Қарағанды облысы бойынша МКД қызметкерлерімен пысықталғаннан кейін базар әкімшілігі ҚҚС төлеу бойынша өзіне міндеттеме алды.

Аталған екі жағдайда да Қырғыз Республикасынан бір заңды тұлға жөнелтуші болып табылғанын атап өту керек.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны