10.06.2022, 16:26 17091

Қазақстандықтар тұрғын үйді аз сататын және сатып алатын болған

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 41,9% кеміді.
Қазақстандықтар тұрғын үйді аз сататын және сатып алатын болған
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 10 МАУСЫМ - 2022 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 500 мәміле тіркелді, сәуір айымен (52 520) салыстырғанда көрсеткіш 41,9% кеміді. 
 
Сатып алу белсенділігі Алматы қаласы мен Қарағанды облысында жоғары, сәйкесінше 4 395 пен 4 055 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы, 630. 
 
Қазақстандықтар көппәтерлі үйлердегі тұрғын үйлерді көбірек алады, мамырда барлығы – 21 078 мәміле болды. Көп пәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан 2 бөлмелі пәтерлер әлі де сұранысқа ие. Мамырда 8 мың 2 бөлмелі пәтер рәсімделсе, 1 бөлмелі одан бір мыңға аз. Жеке үйлер бойынша 9 422 мәміле рәсімделді. Жеке үйлерді Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары көбірек алған. 
 
2022 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 36,9% кеміді. Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы мамырмен салыстырғандағы ең көп төмендеуі Маңғыстау облысында тіркелді – 64,6%.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР-да қайталама тұрғын үй бағасы шамамен 28%-ға өсті.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны