08.07.2022, 15:43 14171

Қазақстандықтардың шығындары бір жыл ішінде 17%-ға өсті

Бұл соңғы жылдардағы ең елеулі өсім болып табылады.
Қазақстандықтардың шығындары бір жыл ішінде 17%-ға өсті
НҰР-СҰЛТАН. 8 ШІЛДЕ - Биылғы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың шығындары бірден жылына 16,7%-ға өсіп, жан басына шаққанда рекордтық көрсеткішке жетіп, 219,7 мың теңгені құрады.
 
Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкесінше кезеңінде тұрғындардың шығыстары жан басына шаққанда 188,2 мың теңгені құраған, алдыңғы жылдан 6,7%-ға өскен еді.
 
Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, өңірлік тұрғыда ең жоғары шығыстар Алматы тұрғындары арасында байқалды: тоқсанына жан басына 319,6 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 19,7%-ға артық. Екінші және үшінші орында Қарағанды облысы (жан басына шаққанда 275,3 мың теңге, жылына қосымша 15%) және астана тұрғындары (266,2 мың теңге, қосымша 14,9%) орналасты.
 
Ең төменгі көрсеткіштер Шымкенттің тұрғындарына тиесілі: бар болғаны 158,2 мың теңге, алдыңғы жылдан 6,7% артық. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 28%-ға аз.
 
Шығыстардың ең көп өсімі Солтүстік Қазақстан облысында байқалды – бірден бір жылда 30,1%-ға өскен, яғни 245,9 мың теңгеге дейін.
 
Халықтың барлық шығыстарының 91,9%-ын тұтыну шығыстары құрады: 201,8 мың теңге, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 16%-ға артық. Оның ішінде азық-түлік тауарларына 109,9 мың теңге жұмсаса, азық-түлікке жатпайтын тауарларға – 53,2 мың теңгені, ақылы қызметтерге – 38,8 мың теңгені жұмсайтыны анықталды.
 
Ақпарат көзі: halyq-uni.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны