21.01.2021, 16:42 12747

Қазақстандық жүк тасымалдаушылар жүкжөнелтушілерден ҚХР-мен өзара әрекеттесу сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар қабылдайды

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Үрімші темір жолы өкілдерімен бейнеконференция байланысы форматында кездесу жоспарланып отыр. Қазақстандық экспорттаушылар мен жүкжөнелтушілер қытайлық теміржолшыларға өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар мен сұрақтар бере алады, бұл жұмыста туындайтын "тар жерлерді" кеңейтуге мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтан. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жүкжөнелтушілерден ҚХР-мен өзара әрекеттесу сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар қабылдауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов пен "Audasia Express" ЖШС директоры Бақытбек Қадыров Қазақстаннан Қытайға келетін жүктерді тезірек қабылдау жолдарын талқылады.
 

Қазақстандық экспорттаушылар Қытай тарапынан санитарлық нормаларды қатандатуға байланысты ҚХР шекарасындағы қиындықтарға тап болуда. Қытайлық тарап тиелген вагондарды қабылдауды кешіктіруде. Кідірістер жеткізілімнің бұзылу тәуекелін арттырады, ал бұл ретте келісім-шарттарды орындауда күндер де есепте. ҚХР қабылдауды жеделдетуі жүктерді тасымалдауда контейнерлерді пайдалануға мүмкіндік береді", - деп хабарлайды "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС баспасөз қызметі.

 
Сұхбаттасушылар ҚХР астықты тасымалдауды ұйымдастыру бойынша техникалық және технологиялық мәселелерді талқылады. Қанат Көбесов темір жол тасымалдауға ұсынылатын барлық жүктерді шығарып әкетуге дайын, екендігін алға тартты. Ол ҚХР шекарасында вагондарды қабылдауды жеделдету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Үрімші темір жолы өкілдерімен бейнеконференция байланысы форматында кездесу жоспарланып отыр. Қазақстандық экспорттаушылар мен жүкжөнелтушілер қытайлық теміржолшыларға өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар мен сұрақтар бере алады, бұл жұмыста туындайтын "тар жерлерді" кеңейтуге мүмкіндік береді. 
 
Кездесу қорытындысын шығара келіп, Қанат Көбесов "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС ары қарай да жүкжөнелтушілермен кері байланыс алу тәжірибесін жалғастыруды жоспарлап отырғандығын жеткізді. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны