14.12.2021, 19:32 359572

Қазақстанның АӨК-не 2025 жылға дейін 4,4 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда

Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласын одан әрі дамыту мақсатында 2025 жылға дейін салаға 4,4 трлн теңге инвестиция тартуды қамтамасыз ететін 934 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.
Қазақстанның АӨК-не 2025 жылға дейін 4,4 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда
НҰР-СҰЛТАН. 14 ЖЕЛТОҚСАН - Қабылданған шаралар есебінен АӨК негізгі капиталына инвестициялар ағымдағы жылдың 11 айында 40,5%-ға ұлғайды, ішкі нарықты отандық азық-түлікпен молықтыру 85%-ды құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласын одан әрі дамыту мақсатында 2025 жылға дейін салаға 4,4 трлн теңге инвестиция тартуды қамтамасыз ететін 934 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.
 
Осы жобалар пулынан негізгі ірі бағыттар айқындалды: 
 
- ет өндірісі – 1 трлн теңге сомасына 301 жобаны іске асыру; 
 
- жылыжай кешендері – 1 трлн теңге сомасына 67 жобаны іске асыру; 
 
- сүтті мал шаруашылығында – 452 млрд теңге сомасына 186 жобаны іске асыру; 
 
- құс шаруашылығында – 373 млрд теңгені құрайтын 47 құс фабрикасын салу; 
 
- өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында – 300 млрд теңге сомасына 73 жобаны іске асыру жоспарланған; 
 
- 5 жыл ішінде қантпен қамтамасыз ету 80%-ға дейін жеткізіледі, жалпы сомасы 228 млрд теңгені құрайтын жобаларды іске асыру көзделген; 
 
- қарқынды бақтар саласында 100 млрд теңге сомасына 32 жобаны іске асыру жоспарлануда; 
 
- өзге де бағыттар шеңберінде жалпы сомасы 834 млрд теңгеге 225 жобаны іске асыру жоспарда бар, олар суару, тұқым шаруашылығы, тамақ өнімдерін өндіру және т.б. бағыттардағы жобаларды қамтиды.
 

Экспорт көлемі 2020 жылдың 9 айымен салыстырғанда 14,3%-ға өсті. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты егіннің азаюына қарамастан бұл нәтижеге қол жеткізілді", - деді АШМ басшысы агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды іске асыруды қарау бойынша Үкімет отырысы барысында.

 
Ішкі нарықты отандық өндірістің сүт өнімдерімен қамтамасыз ету 51,4%-дан 70%-ға дейін, шұжық өнімдерімен қамту 60,5%-дан 70%-ға дейін, құс етімен қамту 58%-дан 75%-ға дейін, алмамен толықтыру 73%-дан 80%-ға дейін ұлғайды. Қант өндірісі 31,1%-дан 60%-ға дейін өсті, ал балық өсіру көлемі жылына 4 мың тоннаға немесе 30%-ға артты.
 
 "Бәйтерек" холдингі желісі бойынша АӨК инвестициялық жобалары бойынша биылғы жылға 63 млрд теңге, ал жалпы, ауыл шаруашылығын қаржыландыруға 400 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп атап өтті ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінде.
 
Үкімет басшысы барлық өңірде АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды іске асырудың оң динамикасын атап өтті. Биыл АӨК-тің жалпы сомасы 239 млрд теңгеге 266 инвестициялық жобасы, оның ішінде 36 сүт-тауар фермасы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 27 жоба, 6 ет комбинаты, 13 құс фабрикасы пайдалануға берілді. Аталған жобаларды іске асыру есебінен импортқа тәуелділік бір жылда 15%-ға қысқарды.
 

Өндірісті кластерлік дамытуды, шағын өндірушілер мен өңдеушілерді ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіруді ынталандыру арқылы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту керек. Бұл жобаларды іске асыру, ең алдымен, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы, 2023 жылдың соңына дейін барлық негізгі азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті шектеу қажет", — деді А. Мамин. 

 
Премьер-Министр ішкі нарық қамтамасыз етілгеннен кейін өнім түрлері мен таралу географиясын кеңейту арқылы экспорт көлемін ұлғайту маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар сақтау және логистика инфрақұрылымын қолжетімді ету қажет, себебі тауардың өзіндік құнында олардың үлесі басым. 
 
Үкімет басшысы әлемдік нарықта азық-түлік тауарларына сұраныстың артқанын ескере отырып, Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабтарының бірі болуына мүмкіндігі бар екенін атап өтті. 
 
А. Мамин инвестициялық жобалардың, әсіресе импортқа тәуелді тауар позициялары бойынша іске асырылу барысын ерекше бақылауды және сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды. 
 
Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен және "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, инвестициялық жобаларды уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету, әкімдіктермен бірлесіп, биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия төлеу бойынша мемлекеттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тапсырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны