21.01.2021, 16:17 12947

Қазақстанның Ұлттық Банкінде ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды

Ақша-кредит саясаты комитетінің құзыретіне базалық мөлшерлеме туралы шешімдер қабылдау кіреді.
Нұр-Сұлтан. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ақша-кредит саясаты комитетінің құзыретіне базалық мөлшерлеме туралы шешімдер қабылдау, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемені белгілеу және Ұлттық Банк Басқармасының айрықша құзыретіне кірмейтін ақша-кредит саясатының басқа мәселелері бойынша шешім қабылдау кіреді", - деп хабарлады Ұлттық банк.

 
Бұл Комитет Ұлттық Банктің Басқармасымен және Директорлар кеңесімен қоса жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерден тұратын үшінші орган болады.
 
Орта мерзімді перспективада Комитет құрамына макроэкономика мен ақша-кредит саясатында мамандандырылған және мол тәжірибесі бар тәуелсіз мүшелер алынады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны