08.10.2026, 10:58 32081 / 6015

Қазақстанның мемлекеттік облигациялары J.P. Morgan халықаралық индексіне енгізілуі мүмкін

Қазақстанның GBI-EM индексіне енгізілуі қосымша шетелдік инвестициялар тартуға, мемлекеттік облигациялардың өтімділігін арттыруға және мемлекеттік қарыз алу құнын төмендетуге мүмкіндік береді
Қазақстанның мемлекеттік облигациялары J.P. Morgan халықаралық индексіне енгізілуі мүмкін
Сурет: ҚР Қаржы министрлігі
Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары дамушы нарықтардың халықаралық облигациялар индексі GBI-EM құрамына ықтимал енгізу үшін J.P. Morgan бақылау тізіміне қосылды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.

2026 жылдың индекстік жіктемесін қайта қарау қорытындысы бойынша Қазақстанға Index Watch-Positive мәртебесі берілді. Бұл еліміздің индекске енгізілуге үміткер ретінде қарастырылып жатқанын білдіреді.

Алдағы 12 айда Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының халықаралық инвесторлар үшін қолжетімділігі, соның ішінде халықаралық клиринг және есеп айырысу инфрақұрылымы арқылы нарыққа шығу мүмкіндігі бағаланады. Сондай-ақ, индекс талаптарына сәйкес келетін облигациялардың өтімділігі қарастырылатын болады.

Қаржы министрлігінің атап мәлімдеуінше, бұл мәртебенің берілуі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту, қаржы инфрақұрылымын жетілдіру және халықаралық инвесторлардың нарыққа қолжетімділігін жеңілдету бағытында Ұлттық банкпен бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижесі болды.

"Қарастырудың жаңа кезеңіне өту Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын халықаралық капитал нарықтарына интеграциялау ісіндегі ілгерілеуді растайды. Индекске ықтимал енгізілу шетелдік инвесторлар базасын кеңейтуге, өтімділікті арттыруға және қарыз алу құнын төмендетуге ықпал етеді", - деп атап өтті Қаржы министрлігінде.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны