29.06.2020, 21:59 7305

Қазақстанның орнықтылық қоры табысының барлығын мемлекетке аударды

"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ 27,7 млрд теңге табысты дивидендтер төлеуге бағыттады

Алматы. 29 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанның орнықтылық қоры табысының барлығын мемлекетке аударды.

"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ (Fitch, "BBB" / "Тұрақты" болжамы, бұдан әрі - ҚОҚ) 27,7 млрд теңге табысты дивидендтер төлеуге бағыттады. Төлем ҚОҚ акционері - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелерін орындау аясында, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің "Мемлекеттік акциялар пакетінің дивидендтері және ұйымдардағы мемлекеттік акциялар бойынша кірістер туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

ҚОҚ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы. Негізгі міндеттері: банк секторының қаржылық тұрақтылығына ықпал ету; ипотекалық тұрғын үй заемдарының қол жетімділігін қамтамасыз етуге қатысу; ипотекалық тұрғын үй заемдарын (ипотекалық қарыздар) қайта қаржыландыру тетігін іске асыруға қатысу; басым жобаларды несиелеу механизміне қатысу; Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі шараларды іске асыруға қатысу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны