13.03.2020, 14:42 3572

Қазақстанның түсті және қара металл сынықтарын дайындаушылар мен қайта өңдеушілерінің өзін-өзі реттейтін ұйымы экспорттауға тыйым салудың қажеттілігі жоқ деп санайды

2011 жылы Қазақстан металлургия зауыттарында тәуелсіздік алғалы бері қара металл сынықтарына деген қажеттілік ең жоғарғы көрсеткіште тіркеліп, 1,71 млн. тоннаны құрады.

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - 2020 жылғы 12 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның түсті және қара металл сынықтарын дайындаушылар мен қайта өңдеушілерінің өзін-өзі реттейтін ұйымының баспасөз мәжілісі өтті.

Баспасөз мәжілісі аясында спикерлер ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Қазақстан Республикасы аумағына түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын әкелуге тыйым салу туралы" бұйрық жобасының экономикалық тұрғыда негізсіздігі туралы сөз қозғады.

Қазіргі жағдай

"Қайталама металлургия өнеркәсіп иелерінің республикалық одағы" Қауымдастығының мәліметінше, Қазақстанда металл сынықтарының түзілуі 5 млн. тоннадан асады, ал 2014 жылғы тыйымды салғанға дейін ұзақ уақыт бойы металл сынықтарын экспорттау мақсатында жинау көрсеткіші 3-3.5 млн. тонна деңгейінде болды.

2011 жылы Қазақстан металлургия зауыттарында тәуелсіздік алғалы бері қара металл сынықтарына деген қажеттілік ең жоғарғы көрсеткіште тіркеліп, 1,71 млн. тоннаны құрады.

Осы мәліметтерге сәйкес елімізде түсті және қара металл сынықтарына деген жетіспеушілік жоқ, сондықтан экспорттауға тыйым салудың қажеттілігі жоқ.

2014-2017 жылы экспортқа тыйым салу

Елімізде 2014-2017 жылдары түсті және қара металл сынықтарын экспорттауға тыйым салынды, осының нәтижесінде кәсіпорындар экспорт кезінде 2 млн. тоннадан кем емес металл сынықтарын жоғалтты (ішкі нарықта да сол көлемде), ал бұл қазіргі бағамен 400 млрд. теңгені құрайды.

Тыйым салу кезінде металлургиялық зауыттар металл сынықтарын тұтыну көлемін 2 есеге төмендетті, ал ең ірі кәсіпорындардың бірі саналатын "KSP Steel" компаниясы екі жылға тыйым салудан кейін металл сынықтарын тұтыну көлемін 3 еседен астамға, яғни 1 млн. тоннадан 0,3 млн. тоннаға дейін қысқартты. Металлургтардың уәкілетті орган арқылы қолдау көрген мәлімдемесі орындалмады, олар 2015 жылға қарай 5,9 млн. сынық қайта өңделеді деген мәлімдеме айтқан болатын, алайда іс жүзінде 0,85 млн. тонна ғана қайта өңделді.

Сондай-ақ, тыйымды салу осы салада өзін-өзін жұмыспен қамтып отырған азаматтарға да әсер етті: түсті және қара металл сынықтарының 50 000 бастапқы жинаушысы толығымен табысынан айырылып, ал қалғандарынының табысы 20-40%-ға төмендеді.

Қайтадан тыйым салу жұмыс орындарының қысқаруына және еліміздегі ондаған кәсіпорынның шығынға батуына әкеліп соқпақ.

Тыйым салудың еліміздің халықаралық имиджіне әсері

Осындай тыйымдарды салу Дүниежүзілік сауда ұйымының, сондай-ақ, Экономикалық ынтымақтасу және даму ұйымының Болат жөніндегі комитетінің қағидаларына қайшы келеді. Оған қоса, экспорттық баждың болуының бір өзі оны төмендету кестесі 5%-ға дейін мақұлдастырылғанға дейін Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуіне кедергі келтірген болатын.

Тыйымды Еуразия Экономика одағы елдеріне салуға ұмтылу Одаққа мүше елдер тарапынан теріс реакцияны тудырды. Еуразия Экономикалық комиссиясы Қазақстан Республикасының қабылдаған уағдаластықтарды бұзуға жол бермеуі үшін шараларды қабылдауын сұрап, 2016 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне хат жіберді.

"Қайталама металлургия өнеркәсіп иелерінің республикалық одағы" Қауымдастығының ұсыныстары

"Қайталама металлургия өнеркәсіп иелерінің республикалық одағы" Қауымдастығы саланы өздігінен реттеудің тиімді жүйесін ұсынып отыр.

"Осы саланың басты қатысушылары - бүкіл еліміз бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған мыңдаған адам үшін металл сынығын жинау және өткізу басты табыс көзі болып табылады. Осы тұста бұл саладағы қызмет айқын емес болғандықтан мемлекеттік бюджет төленбеген салық кесірінен миллиардтаған қаржыдан айырылып жатыр. Қауымдастықтың ұсынған жүйесі осы саланы барынша айқын етіп, толығымен цифрландыруға көшуін қамтамасыз етпек", - деп Владимир Дворецкий атап өтті.

Осы жүйені табысты түрде ендіру металл сынықтарын жинау көлемінің 5 млн. тоннаға дейін өсіп, жылына 1,5 триллион теңгеге тең жиынтық табысы бар жаңа өндірістердің құрылуына жағдай жасамақ. Саланы басқарудың бұл жүйесі дағдарыс кезінде аса үлкен өзектілікке ие болып, Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 9 наурызда Үкімет пен Ұлттық банк жетекшілігімен өткен шұғыл мәжілісі кезінде жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, сонымен бірге, олардың өсуі үшін бүкіл мүмкіндіктерді қолдану туралы бұйрығымен толығымен сәйкес келеді. Бұл мақсатта уәкілетті орган заңнамадағы қажетті өзгерістер мен заңға қосымша актілердің қабылдануын шұғыл түрде тәмамдап, өздігінен реттелу тетігін қолдана отырып, бізбен бірге 2-3 ай ішінде басқару жүйесін реформалауды аяқтауы тиіс.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны