03.09.2020, 22:24 7820

"Қазалы-Теміржолжылу" филалы және "Қорқыт Ата Әуежайы" АҚ-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Субъектілер жалпы сомасы 2,5 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынуымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - "ҚЖЭО" МКК және "Қорқыт Ата Әуежайы" АҚ-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "ҚЖЭО" МКК-ның "Қазалы-Теміржолжылу" филалы және "Қорқыт Ата Әуежайы" АҚ-на қатысты "Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшаларында белгіленген міндетті сақтамағаны үшін, атап айтқанда 2019 жыл бойынша тарифтік сметаны орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының бесінші бөлігімен 2 әкімшілік өндірістері қозғады.

Субъектілер жалпы сомасы 2,5 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынуымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта, Департаменттің әкімшілік айыппұлды салу туралы қаулылары заңды күшіне енген жоқ және субъектілер осы қаулыларға шағым беруге құқылы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны