14.08.2019, 14:28 8174

Қазалы ауданының тұрғындары кәсіпкерлікті дамытуға байланысты мамандардан онлайн режимде кеңес алуда

Айта кетейік, бұл жоба 2019 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасатын болады.

Қызылорда.14 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғындары кәсіпкерлікті дамытуға байланысты мамандардан онлайн режимде кеңес алуда.

Аталған жоба аудандық кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімінің "Қазалы ауданының ауылдық округ тұрғындарына онлайн режимде бейнебайланыс арқылы кәсіпкерлік мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету және кеңес беруді ұйымдастыру" жобалық басқару шеңберінде жүзеге асуда.

Ауданға қарасты Ақжона, Алға, Аранды және Арықбалық ауылдық округінің тұрғындары мен жеке кәсіпкерлерінің сұрақтарына аудандық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары онлайн режимде бейнебайланыс арқылы жауап берді.

Айта кетейік, бұл жоба 2019 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасатын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны