19.02.2016, 13:56 4689

Азаматтардыӊ зейнетақы жинағы құнсызданбайды - БЖЗҚ төрағасы

Зейнетақы жинақтары елдіӊ ішкі нарығында пайдаланылады. Азық-түлік, коммуналды төлем төлеу. Яғни, жинақталған соманы инфляция өлшейді. Адам зейнетке шыққасын, оныӊ жинаған сомасы инфляция деӊгейінде көтеріледі. Сондықтан, көп жағдайда салымшылар арасында бөлінетін жылдық инвестициялық табыс деӊгейі инфляциядан жоғары болады. Мұндай кепілдік көп елде қарастырылмаған

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Азаматтардыӊ зейнетақы жинағы құнсызданбайды. Бұл туралы БЖЗҚ төрағасы Руслан Ерденаев Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Басқарма төрағасы салымшылардыӊ алаӊдауына еш негіз жоқ деді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Зейнетақы жинақтары елдіӊ ішкі нарығында пайдаланылады. Азық-түлік, коммуналды төлем төлеу. Яғни, жинақталған соманы инфляция өлшейді. Адам зейнетке шыққасын, оныӊ жинаған сомасы инфляция деӊгейінде көтеріледі. Сондықтан, көп жағдайда салымшылар арасында бөлінетін жылдық инвестициялық табыс деӊгейі инфляциядан жоғары болады. Мұндай кепілдік көп елде қарастырылмаған", - деді Р.Ерденаев.

Оныӊ айтуынша, қазір Қазақстан бұрынғы зейнетақы жүйесінен жеке жинақтаушы жүйесіне көшіп барады.

"2020 жылдан соӊ зейнет жасына жететіндердіӊ зейнетақысы салған ақшасына байланысты болады. Егер ол ақша мардымсыз деп тапса, жеке тұлғалар ерікті шот ашып, оған да ақша сала берсе болады. Немесе банк депозиттері, сақтандыру өнімдері түрінде сақтауға болады", - деді басқарма төрағасы.

Қазақстандықтардыӊ зейнетақы жинағыныӊ сомасы 5,83 трлн теӊгеге жетті. 2015 жылы міндетті зейнетақы жарнасыныӊ сомасы 657,6 млрд теӊге болды. БЖЗҚ-ға түскен инвестициялық табыс 761,40 млрд теӊгеге жетті. Бұл сома барлық салымшыларға бөлініп салынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны