28.02.2014, 23:18 11052

Азаматтық қызметкерлердің еңбегін өтеудің жаңа үлгісі еңбек өтілімі мен біліктілігін ескереді- ЕХИҚМ

"Қолданыстағы жүйеде мемлекеттік мекемеде, мейлі ол облыстық немесе республикалық, әлде аудандық болсада қызметкерлердің жалақысы жалпыға бірдей. Ал, жаңа жүйе бойынша әр қызметкердің өзінің деңгейіне байланысты өз жалақысы болады", - деп Г. Илімбекова хабарлады.

Алматы. 28 ақпан. Kazakhstan today. ҚР ЕХИҚМ Ішкі бақылау департаментінің директоры Гүлнар Илімбекова "Strategy2050.kz" АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Азаматтық қызметкерлердің еңбегін өтеу жаңа үлгісі олардың еңбек өтілімі мен біліктілігін және басқада факторларды есепке алатыны туралы әңгімеледі.

"Баршымызға белгілі болғандай, Елбасы ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы халыққа Жолдауында Үкіметке ағымдағы жылы азаматтық қызметкерлердің жалақысын есептеу бойынша жаңа үлгіні жасақтап, 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін енгізуді тапсырды.

Азаматтық қызметкерлердің қызметінің тізімі Үкімет 2007 жылдың 27 қаркүйегінде бекітті. Азаматтық қызметтің жұмысшылары Қазақстан экономикасының көптеген секторында жұмыс істейді және олар 1 млн азамат. Олардың басым бөлігі білім саласында - ұстаздар мен мұғалімдер, денсаулық сақтау саласының - медицина қызметкерлері, мәдениет, спорт және көбіне әлеуметтік саланың қызметкерлері. Олардың еңбегі халыққа мемлекеттік қызметті көрсетуде үлкен рөл атқарады", - деп Г. Илімбекова атап өтті.

Сонымен қатар, ол жаңа үлгінің басты принциптеріне кеңінен тоқталды.

"Егер, біз жаңа жүйеге тоқталатын болсақ, министрлік бюджет саласының қызметкерлеріне жалақыны тағайындау бойынша халықаралық тәжірибені таныстырды. Көптеген елдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, онда оларда жалақыны тағайындау барысында қызметкерлердің еңбек өтілімі және біліктілігімен қатар оның қызметінің күрделілігі, басқару жауапкершілігі есепке алынады. Міне, дәл осы принциптерді біз жаңа үлгіні жасақтау барысында енгізетін боламыз", - деді Г. Илімбекова.

Оның айтуынша, жаңа жүйе аясында әр мемлегеттік қызметкер өзінің деңгейі және біліктілігі бойынша жалақы алады.

"Қолданыстағы жүйеде мемлекеттік мекемеде, мейлі ол облыстық немесе республикалық, әлде аудандық болсада қызметкерлердің жалақысы жалпыға бірдей. Ал, жаңа жүйе бойынша әр қызметкердің өзінің деңгейіне байланысты өз жалақысы болады", - деп Г. Илімбекова хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны