19.09.2012, 09:42 3188

"Азия Авто" мен "АвтоВАЗ" компаниялары Өскеменде LADA көліктерін шығармақ

Қазақстандық "Азия Авто" зауыты мен ресейлік "АвтоВАЗ" Өскеменде LADA көліктерін шығаратын жаңа өндіріс желісін ашу туралы келісті.

Астана. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Азия Авто" мен "АвтоВАЗ" компаниялары Өскеменде LADA көліктерін шығармақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстандық "Азия Авто" зауыты мен ресейлік "АвтоВАЗ" Өскеменде LADA көліктерін шығаратын жаңа өндіріс желісін ашу туралы келісті.

Өндіріс желісі 2014 жыл соңына дейін іске қосылуы тиіс, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне "АвтоВАЗ" компаниясының президенті Игорь Комаров мәлім етті.

Оның айтуынша, жобаға 40 млн долларға жуық инвестиция салынбақ.

Зауыт өкілдері сәрсенбі күні Павлодарда 9-шы аймақаралық ынтымақтастық форумы шеңберінде осындай меморандумға қол қойған.

"Зауыт бастапқыда жылына 60 мың, жобалық қуатына жеткен кезде 120 мың көлік шығарады", - деді ол.

И.Комаровтың айтуынша, Қазақстанда шығарылған көліктің 50 пайызы Сібірге сатылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны