10.10.2008, 17:56 3040

"Азия авто" Ресей Федерациясының өңірлерінде және Орта Азия елдерінің аумағында LADA автомобилін жинау және өтіміне байланысты толыққанды құқыққа ие болады

"Азия авто" Ресей Федерациясының өңірлерінде және Орта Азия елдерінің аумағында LADA автомобилін жинау және өтіміне байланысты толыққанды құқыққа ие болады

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Азия авто" Ресей Федерациясының өңірлерінде және Орта Азия елдерінің аумағында LADA автомобилін жинау және өтіміне байланысты толыққанды құқыққа ие болады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен "Автоваз" тобының президенті Борис Алешиннің кездесуінің қорытындысы бойынша хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тараптар Ақтөбе қаласында 2008 жылы 22 қыркүйекте шекара маңындағы өңірлер форумында қол қойылған "Автоваз" ААҚ, "Азия авто" АҚ және "Еуразия Даму Банкі" арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді іске асырудың маңызды мәселесін талқылады.

Келісімге сәйкес, қазақстандық кәсіпорындар Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Ресей Федерациясының өңірлерінде және Орта Азия елдерінің аумағында LADA автомобилін жинау және өтіміне байланысты толыққанды құқыққа ие болады.

Сондай-ақ, кездесуде Қазақстанда автомобиль жасау ісін толыққанды дамыту үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған шаралар талқыланды.

Кездесу соңында премьер-министр белсенді ынтымақтастық пен аталған инвестициялық жобаны іске асыру экономиканың шикізат емес секторының бөлігі тәрізді автомобиль жасау ісін табысты дамытуға жағдай туғызатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны