08.08.2011, 18:06 3008

АЗИЯ АВТО жыл соңына дейін жаңадан үш модельді таныстырмақ

"Өткен жылдың көктемінен бері өндіріске 12 жаңа модельді енгіздік. Жыл соңына дейін біз Chevrolet Cruze хэтчбегін, Chevrolet Captiva кроссоверін және 7 орындық Chevrolet Orlando минивэнін таныстырамыз", - деп мәлімдеді "АЗИЯ АВТО" АҚ президенті Ержан Мандиев.

Алматы. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның автокөлік құрастырумен айналысатын "АЗИЯ АВТО" АҚ зауыты жыл соңына дейін жаңадан үш модельді таныстырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Өткен жылдың көктемінен бері өндіріске 12 жаңа модельді енгіздік. Жыл соңына дейін біз Chevrolet Cruze хэтчбегін, Chevrolet Captiva кроссоверін және 7 орындық Chevrolet Orlando минивэнін таныстырамыз", - деп мәлімдеді "АЗИЯ АВТО" АҚ президенті Ержан Мандиев.

Өскемендегі "АЗИЯ АВТО" АҚ автокөлік құрастыру зауыты 2003 жылы құрылған және Қазақстандағы жеңіл автокөлік құрастыратын ірі өндіріс орыны болып табылады. Зауыт серіктестерінің арасында "Volkswagen Group", "General Motors", "Renault-Nissan-АвтоВАЗ" және "KIA Motors" концерндері бар.

Зауытта Skoda (Fabia, Octavia, Superb, Yeti), Chevrolet (Aveo, Captiva, Cruze, Epica, Lacettti), Lada 4x4, KIA (Sorento, Mohave, Cerato, Sportage, Soul, Cadenza, Optima) маркасының көліктері құрастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны