11.12.2012, 16:01 2785

Азия даму банкі алдағы үш жылда Қазақстан экономикасына 300-400 млн. доллар инвестициялайды

"Азия даму банкі 2013-15 жылдары Қазақстан экономикасына 300-400 миллион доллар инвестициялайды. Ол инфрақұрлымдық салаларға, оның ішінде энергетикалық, көліктік жобалар мен шағын және орта бизнесті қаржыландыруға жұмсалады", - дейді Гуангуи Ли.

Алматы. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today - Азия даму банкі 2004-2012 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына 0,4 миллиард доллар инвестиция салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз брифингінде Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Гуангуи Ли айтты.

"Азия даму банкі 2013-15 жылдары Қазақстан экономикасына 300-400 миллион доллар инвестициялайды. Ол инфрақұрлымдық салаларға, оның ішінде энергетикалық, көліктік жобалар мен шағын және орта бизнесті қаржыландыруға жұмсалады", - дейді Гуангуи Ли.

Оның айтуынша, Азия даму банкі Қазақстанда мемлекетік-жеке серіктестікті дамыту және білімді жетілдіру келісімдеріне қол қойған. Осыған орай үкіметтің қандай бағытта зерттеу жүргізуіне байланысты техникалық көмектер көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны