24.01.2013, 11:39 3166

Азия Даму банкі Қазақстанға 95 млн. доллар қарыз береді

Аталған келісімнің шеңберіндегі учаскенің жалпы ұзақтығы - 65 шақырым, оның 7,7 шақырымы цемент-бетонды жамылғысы бар бірінші техникалық категориялы, ал 57,4 шақырымы асфальт-бетонды жамылғысы бар екінші техникалық категориялы болады.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) ["Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі] ратификациялау туралы" ҚР Заңы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған келісімнің шеңберіндегі учаскенің жалпы ұзақтығы - 65 шақырым, оның 7,7 шақырымы цемент-бетонды жамылғысы бар бірінші техникалық категориялы, ал 57,4 шақырымы асфальт-бетонды жамылғысы бар екінші техникалық категориялы болады. Айналма жол көптеген елдімекендер, жайылым мен омарталар орналасқан қаламаңы аумағы арқылы өтетін болғандықтан, құрылыс жобасында 11 көпір мен жол өтпелерін, 155 су өтпе құбырларын, сондай-ақ мал өтпелерін салу жоспарланған. Аталған жасанды құрылыстар транзит көлігіне кедергісіз өтуге және осы учаскеде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, жолдың қазіргі бөлігін 7,7 шақырымға жаңғырту, сондай-ақ Тараз қаласын 57,4 шақырымға айналма жол құрылысын салу қарастырылып отыр.

Бұл заң жобасын іске асыру еліміздің тасымал әлеуетін арттыруға ықпал етіп, халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігіндегі қозғалыстың жиілігін ұлғайтады.

Келісімге сәйкес, Азия Даму банкі Қазақстан Республикасына 95 миллион АҚШ доллары сомасында займ береді. Оны төрт жылғы жеңілдік уақытын қосқанда, қайтару уақыты - 20 жыл. Комиссия жылына 0,15 пайыз мөлшерлемесі бойынша алынады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосымша қаржыландыруы 17 миллион доллардан аспайды. Республикалық бюджеттің қаржысы құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ салықты төлеуге жіберілетін болады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны