09.01.2013, 15:13 2830

Азия Даму Банкі Қазақстанның көлік әлеуетін арттыруға 95 млн доллар қарыз бермек

Бүгін мәжілісмендер мақұлдаған "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба) [Батыс Еуропа-Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзхит дәлізі] ратификациялау туралы" Заң жобасы осыны қарастырады.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Азия Даму Банкі Қазақстан Республикасына 95 млн АҚШ доллары сомасында қарыз ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін мәжілісмендер мақұлдаған "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба) [Батыс Еуропа-Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзхит дәлізі] ратификациялау туралы" Заң жобасы осыны қарастырады.

Бұл жобаны іске асыру елдің көлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді, халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын едәуір арттырады және тиісінше транзиттік жүктердің айналымы өсетін болады. Бұл Қазақстанның барлық деңгейдегі бюджеттерінің кіріс бөлігін еләуір өсіруге мүмкіндік береді.

Қарыз туралы келісім шеңберінде екі жолақты қозғалысты екінші техникалық санаттағы, қашықтығы 7,7 шақырым жолдың қолданыстағы учаскесін ценмент-бетон төселген және төрт жолақты қозғалыстағы басқа санатқа ауыстыра отырып, реконструкциялау, сондай-ақ Тараз қаласының қашықтығы 57,4 шақырым жаңа айналма учаскесі құрылысын салу көзделген.

Келісімге сәйкес, Азия Даму Банкі Қазақстан Республикасына 95 млн АҚШ доллары сомасында қарыз ұсынады. 4 жылға жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, қарызды өтеу мерзімі 20 жылды құрамақ. Жылына 0,15% мөлшерлеме бойынша міндеттеме үшін комиссия алынады.

Қазақстан Үкіметінің қосымша қаржыландыруы 17 АҚШ доларынан аспайды. Республикалық бюджет қаражаты құрылыс жұмыстарын қосымша қаржыландыруға, сондай-ақ салықтарды төлеуге бағытталатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны