15.04.2008, 15:46 3282

Азық түлік бағаларының көтерілуі кедейшілікпен күресте "жеті жылды жоғалтуды" білдіреді-Дүниежүзілік банк

Азық түлік бағаларының көтерілуі кедейшілікпен күресте "жеті жылды жоғалтуды" білдіреді-Дүниежүзілік банк

Алматы. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Азық түлік бағаларының көтерілу дағдарысы әлем бойынша кедейшілікпен күресте "жеті жылды жоғалтуды" білдіреді, деген пікірді Дүниежүзілік банктің президенті Роберт Б. Зеллик білдірді, деп хабарлайды агенттік ДБ ақпаратына сілтеме жасай отырып.

"Кейбір адамдар өздерінің көліктерін жанар маймен толтыруды ойлап жүрсе, екінші біреулері азық-түлік сатып ала алмай отыр. Күн сайын оны жасау қиындап барады ", - деп мәлімдеді Р. Зеллик ДБ пен Халықаралық Валюта қорының көктемгі жиыны алдында БАҚ арналып өткізілген брифингте. Р. Зеллик бұл дағдарыспен күресу үшін азық- түліктің жаһандық саясатының жаңа бағытын жасауға шақырды".

Бүгінгі "дағдарыстан шығу үшін" үкіметтің азық-түлік бағдарламасын шешу үшін жетіспей отырған және БҰҰ әлемдік азық-түлік бағдарламасында көрсетілген $500 млн беруге шақырды.

Азық-түліктің жаһандық саясатының бағытына сәйкес, ДБ алдағы жылы өнімдерді ұлғайту үшін ауыл шаруашылық саласында несиелік бағдарламаларды екі есеге көтеріп, Африка елдерінде Сахараның оңтүстігіне $800 млн бөлетін болады.

Сонымен қатар, жеке сектордық даму мәселесімен айналысатын ДБ ұйымдар тобына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясы да агро бизнеске өзінің инвестициясын ұлғайтады.

Р. Зеллик әлемдегі түрлі мемлекеттердің тәуелсіз инвестициялық қорлары өздерінің активінің бір пайызын немесе $30 млрд қаржысын Африка елдерінде "жаңа мүмкіндіктерді құруға және экономика дамуына" күш салуын ұсынды.

Сонымен қатар Р. Зеллик атап өткеніндей, азық-түлік бағаларының қымбаттауына мың жылдық Декларациясында жарияланып, бірақ онымен күресу жұмыстары ұмытылып қалған мақсаттардың бірі -аштық деңгейінің көтерілуі себеп болды.

"Бұл жерде азық-түліктердің жетіспеушілігі мен әлеуметтік қанағаттанбау мәселесі ғана көтеріліп отырған жоқ, бұған ересектер мен балалардың болашақта білім алудан құр алақан қалуы, дене және парасат дамуының тежелуіне қатысы бар. Сонымен бірге, біздің сараптамаларымызға сәйкес, азық-түлік дағдарысы бойынша әлемдегі кедейшілікпен күресте жеті жыл уақытымыз кетеді. Сөйтіп, бұл дағдарысты біз төтенше жағдай ретінде қарастырып қана қоймай, даму саласындағы орта мерзімді мақсат ретінде қарастырып тиісті шараларды қолға алуымыз керек", - деп мәлімдеді Р. Зеллик.

Р. Зеллик атап өткеніндей, кедей тобының өкілдері өздерінің тапқан табысының 75 пайызын азық-түлікке жаратады.

"Екі айдың ішінде әлем бойынша күріштің бағасы 75 пайызға көтерілді. Бидай құны былтырғы жылмен салыстырғанда 120 % ұлғайды ", - деді ДБ президенті. Сонымен қатар, ДБ берген деректері бойынша соңғы үш жылда 83 пайызға көтерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны