07.12.2012, 12:37 2721

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" Тауар биржасында электрондық аукцион арқылы 500 мың тоннаға жуық астық өткізді

Корпорация 3 сыныпты жұмсақ бидайды коммерциялық сату мақсатында Қазақстанның астық рыногында бірінші рет жасырын электронды биржалық аукциондарды өткізіп жатқанын айта кеткен жөн.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" Тауар биржасында электрондық аукцион арқылы 500 мың тоннаға жуық астық өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Корпорация 3 сыныпты жұмсақ бидайды коммерциялық сату мақсатында Қазақстанның астық рыногында бірінші рет жасырын электронды биржалық аукциондарды өткізіп жатқанын айта кеткен жөн. Алғашқы сауда-саттық 17 қазанда өткізілді. 20 мың тонна астық шығарылды: 5 000 тоннадан 4 лот, бастапқы бағасы тоннасына 45 000 теңгені (ҚҚС қоса) құрады. Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша тоннасы 45 010 теңгеден 5 мың тонна астық - 1 лот сатылды.

Бұл сауда-саттықтың нәтижесінде жасырын биржалық аукцион режимінде алғашқы рет қазақстандық астықтың құнына индикатор жасалды.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы қазіргі уақытта 3 сыныпты бидайды коммерциялық сату мақсатында саудаға шығаруды жалғастыруда. Бастапқы баға - тоннасына 45 005 теңге (ҚҚС қоса).

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астықты өткізу шарттарына өзгертулер енгізгенін атап айту керек, бұл сауда-саттықты өткізуді жеделдетті. Ықтимал сатып алушыларға "Standard & Poor's" агенттігімен берілген "В-" рейтингінен төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуіне ұқсас деңгейдегі рейтингі бар қаржы ұйымдарының кепілдемесімен 9 және 10 айға аукционда сатып алған астыққа төлем мерзімдерін ұзарту мүмкіндігі беріледі.

Үстіміздегі жылы қарашада және желтоқсанның басында өткізілген сауда-саттықтың нәтижесінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы өткізген астықтың жалпы көлемі шамамен 500 мың тоннаны құрады. Ең жоғары баға тоннасына 47 062 теңгені құрады.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ Астық ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәбит Қашқымбаев атап өткендей, Азық-түлік келісім шарт корпорациясының электронды аукциондарды ұйымдастыруы компанияның өз қызметінде өркениетті нарық механизмдерін қолдануға ұмтылудың дәлелі. Бұл шешім астықты сату тәртібінің айқындығын және ықтимал сатып алушылардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ астыққа сұраныстың нақты нарықтық бағасын анықтау мақсатында қабылданды. Сатуларды электронды сауда-саттықтар арқылы өткізу - компанияның кезекті жоғары сатыға көтерілуі. Азық-түлік келісім шарт корпорациясы қазіргі заманғы электронды сауда-саттықтар талаптарына жауап беретін кез келген биржамен ынтымақтастықта болуға дайын.

Оның айтуынша, "егер келешекте биржада сауда-саттықтар осылай белсенді өтіп тұратын болса, онда Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ағымдағы жылғы сату жоспарын жақын арада орындайтын тәрізді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны