02.09.2016, 15:09 4190

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы тауар өндірушілерді 15 млрд теӊгеге қаржыландырды

Егін салу алқабыныӊ 2,6 млн га жуығын қаржыландыруға шамамен 1 820 ауыл шаруашылығы өндірушілерімен шарттар жасалды.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 31 тамыздағы мәліметтері бойынша, бағдарламаны іске асыруға бөлінген 15,4 млрд теӊгеден аса мөлшердегі сома толығымен игерілді, деп хабарлайды корпорацияныӊ баспасөз қызметінен.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ егін салу және астық жинау жұмыстарын өткізу үшін астық өндірушілерге қаржы ұсыну - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдігімен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерінен (АШТӨ) астықты форвардтық сатып алу бойынша бағдарламасыныӊ бірінші кезеӊі аяқталды.

Егін салу алқабыныӊ 2,6 млн га жуығын қаржыландыруға шамамен 1 820 ауыл шаруашылығы өндірушілерімен шарттар жасалды.

Бағдарламаныӊ екінші, соӊғы кезеӊі аясында, АШТӨ 2016 жылғы 1 қарашасын қоса алғандағы мерзім ішінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясына астық жеткізу жөнінде жасасқан шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға тиіс.

Айта кетейік, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ негізгі қызметі - астық нарығындағы сауда-сатып алу операцияларын іске асыру, ішкі нарықты тұрақтандыруға және отандық астық өндірушілерді қолдауға қатысу, биржалық астық саудасыныӊ дамуына және қазақстандық астық экспорты көлемініӊ өсуіне қолдау көрсету.

Компанияныӊ жалғыз акционері "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны