03.12.2007, 17:43 3414

Азық-түлік келісім шарты корпорациясы биыл өткен жылғыдан аз көлемде мақта сатып алды

Азық-түлік келісім шарты корпорациясы биыл өткен жылғыдан аз көлемде мақта сатып алды

Шымкент. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Азық-түлік келісім шарты корпорациясы биыл бәсекелестіктің күшеюіне байланысты өткен жылғыдан аз көлемде мақта сатып алды. Бұл туралы "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы ҰК" АҚ өкілдігі директорының орынбасары Нұрбол Ташай хабарлады.

"Былтыр бізге "НИМЭКС", "Контал", "Мырзакент" секілді мақта сатып алушы компаниялар негізінен бәсекелес болса, биыл былтырғы жылғымен салыстырғанда оларға сингапурлық екі компания мен мақтааралдық "Ақ алтын" компаниялары қосылды. Осындай себеппен Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы небәрі 27 мың тонна шикі мақта сатып алды", - деді Н. Ташай.

Алайда, Н. Ташайдың пайымдауынша, бәсекелестіктің игілігін шаруалар көрді. "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясының "ақ алтын" үшін күреске қатысуы өзіндік оң ролін атқарды, біз тауар өндірушілерді қолдадық",- деді ол.

"Қыркүйек айында біз мақтаның бір килограммын 50 теңгеге мемлекеттік сатып ала бастадық, бұдан кейін баға өсе түсті, ал қазанның аяғында біз өнеркәсіптік өңделмеген бірінші сортты мақтаның бір килограммы үшін 67 теңгеден төледік. Жеке меншік компаниялар бағаны мемлекеттік сатып алу бағасының деңгейіне дейін көтеруге мәжбүр болды", - деді Н. Ташай.

Бұдан бұрын да хабарлағанымызадй, өткен жылғы күзде Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында қуаты жылына 60 мың тонна мақта өңдеуге және 20 мың тонна мақта талшықтарын шығаруға тең бірінші мемлекеттік мақта өңдеу зауыты пайдалануға берілді.

"Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы ҰК" АҚ былтыр 30 мың тоннадай шикі мақта дайындады.

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 450 мың тоннадай шикі мақта түсімі жиналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны