27.05.2008, 13:08 1162

Азық-түлік келісім-шарты корпорациясына жаңа астықтан 600 мың тонна астық сатып алуға 18 млрд теңге бөлу қажет - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Азық-түлік келісім-шарты корпорациясына жаңа астықтан 600 мың тонна астық сатып алуға 18 млрд теңге бөлу қажет - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Азық-түлік келісім-шарты корпорациясына жаңа астықтан 600 мың тонна астық сатып алуға 18 млрд теңге бөлу қажет деген пікірде. Бұл туралы ол бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанда жыл сайын 3,5 млн тонна астық тұтынылады, бұл тұтынымның бір бөлігі, шамамен 2,5 млн тоннасын дәстүрлі ішкі нарыққа жұмыс істейтін астық компаниялары қанағаттандырады", - деді А. Күрішбаев.

Оның пікірінше, "астық көлемінің 1 млн тоннаға жуығы проблема тудыруы мүмкін, қазір оның 400 мың тоннасын Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы мемлекеттік қорға сатып алуда". "Сөйтіп, 600 мың тонна көлемінде астықтың тұрақтандыру қорын құру мәселесін шешу қажет, ол үшін түсім жинау жұмыстары басталғанға дейін Азық-түлік келісім-шарты корпорациясына жаңа астықтан 600 мың тонна астық сатып алуға 18 млрд теңге бөлу қажет", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны