18.03.2013, 13:57 3053

Азық-түлік корпорациясы 13 млрд теңгеге бидай мен арпаны форвардты жолмен сатып алады

"Азық-түлік корпорациясы 13 млрд теңге сома бюджеттік несие қаржысы есебінен агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін қолдау шараларын жүргізу үшін бюджет бағдарламасын жүзеге асыра бастамақ", делінген дүйсенбіде компаниядан таралған хабарламада.

Астана. 18-наурыз. Kazakhstan Today - Азық-түлік корпорациясы 13 млрд теңгеге бидай мен арпаны форвардты жолмен сатып алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Азық-түлік корпорациясы" ұлттық компаниясы қаржыландыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден бидай мен арпаны форвардты жолмен сатып ала бастайтындықтарын мәлімдеді.

"Азық-түлік корпорациясы 13 млрд теңге сома бюджеттік несие қаржысы есебінен агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін қолдау шараларын жүргізу үшін бюджет бағдарламасын жүзеге асыра бастамақ", делінген дүйсенбіде компаниядан таралған хабарламада.

Бұл ақша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден бидай мен арпаны форвардты жолмен сатып алуға жұмсалмақ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігі 1 гектар егіс алаңына 6000 теңге.

"Міндеттемелер астықтың сәйкесті көлемін беру немесе ақшаны қайтару арқылы орындалмақ", делінген онда.

Корпорацияның дерегіне қарағанда, өткен жылы осы бағдарлама бойынша 1 442 диқаншыға жалпы сомасы 13,4 млрд теңге берілген.

Корпорация акцияларының 100% "ҚазАгро" ұлттық холдингісіне тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны