26.02.2015, 15:01 4067

Азық-түлік корпорациясы 2,7 млрд теӊге егін егу жұмыстарын жүргізуге арналған аграриялардыӊ өтінімдерін мақұлдады

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдемесімен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) бидай мен арпаны форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдемесімен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) бидай мен арпаны форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұлттық компания хабарлағандай, 2015 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында Азық-түлік келісім шарт корпорациясына әртүрлі өӊірлердіӊ аграрияларынан жалпы сомасы 5,3 млрд. теӊгеге 600 өтінім келіп түсті. Мұныӊ өзінде АШТӨ берген өтініштер бойынша жалпы егіс алаӊы 880 мыӊ га-ға ұлғайды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Өтінімдер қаралғаннан кейін 450 мыӊ га жалпы егіс алаӊына 2,7 млрд. теӊгедан астам сомаға 283 өтінім мақұлданды.

Аграриялар өз міндеттемелерін 2015 жылдыӊ 1 қарашасына дейін бидай жеткізу арқылы орындауы тиіс екенін естеріӊізге саламыз. Жалпы бағдарламаны іске асыруға 17 млрд. 650 млн. теӊге бөлінді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны