17.08.2012, 12:46 2990

Азық-түлік корпорациясы аймақтарға жеңілдік бағамен 57 мың тонна бидай артырды

Ақпаратта көрсетілгендей, Азық-түлік корпорациясының бидайын Астана, Ақмола, Қостанай, Алматы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Павлодар облыстарының ұн тартушылары алуда.

Астана. 17-тамыз. Kazakhstan Today - Азық-түлік корпорациясы аймақтарға жеңілдік бағамен 57 мың тонна бидай артырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұның алдында АШМ-мен (ауыл шаруашылығы министрлігі) "ҚазАгро" Холдинг" АҚ, ұн тартушылар одағы, облыс және Астана, Алматы әкімшіліктері арасында І сортты формалы нан, I сортты ұнның бағаларын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы бекітілген меморандумдар шеңберінде , сондай-ақ, республика аймақтарында ауыл шаруашылығындағы мал басының санын азайтуға жол бермеу жөніндегі шаралар бойынша бүгінгі таңда "ҚазАгро" Ходлинг" АҚ еншілес компаниясы "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы"АҚ 57 мың арзандатылған бидай түсірді", - делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Ақпаратта көрсетілгендей, Азық-түлік корпорациясының бидайын Астана, Ақмола, Қостанай, Алматы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Павлодар облыстарының ұн тартушылары алуда.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ҚазАгро" Холдинг" АҚ Азық-түлік корпорациясы арқылы 1,3 млн тонна арзан биай бөлуде. Бидай Т28 мың/тонна белгіленген баға бойынша жергілікті атқарушы органдармен анықталатын ұн тартушы ұйымдарға беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны