13.06.2014, 18:50 3166

Азық-түлік корпорациясы егіншілерге 11 млрд теңге қаражат бағыттады

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астықты форвардты сатып алу бағдарламасы бойынша ауылшаруашылығы саласына 11 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл ретте АШТӨ қаржыландыруға өтінім берген жалпы егіс алаңы 1,8 млн. га-дан асты.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астықты форвардты сатып алу бағдарламасы бойынша ауылшаруашылығы саласына 11 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл ретте АШТӨ қаржыландыруға өтінім берген жалпы егіс алаңы 1,8 млн. га-дан асты.

Алдыңғы жылдардағыдай, өтінімдердің көпшілігі еліміздің негізгі астық егетін өңірлеріндегі АШТӨ-ден келіп түсті, деп корпорациядан хабарлады.

2014 жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша сомасы 4 млрд. теңгеге жуық Қостанай облысының АШТӨ-нің 700-ден астам өтінімдері қаржыландырылды.

Ақмола облысы бойынша сомасы 4 млрд. теңгеден астам сомаға шаруалардың 600 өтінімдері қаржыландырылды. Сондай-ақ, солтүстік қазақстандық астық өндірушілердің 84 өтінімдері 1,2 млрд. теңгеден астам сомаға қаржыландырылды.

Көрсетілген өңірлерден басқа аталған бағдарламаға Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының аграриялары қатысады. Бағдарламаға жыл сайын еліміздің жеті өңірінен мыңнан астам АШТӨ қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны