07.10.2011, 13:53 3868

Азық-түлік корпорациясы шаруаларда 753 мың тонна астық сатып алды

Азық-түлік корпорациясы коммерциялық ресурстарға 1 тоннасының бағасы 25 000 теңге тұратын 5 млн. тонна астық сатып алуда, оның 753 мың тоннасы 6 қазанда сатып алынды.

Астана. 7-қазан. Kazakhstan Today - Азық-түлік корпорациясы шаруаларда 753 мың тонна астық сатып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Азық-түлік корпорациясы коммерциялық ресурстарға 1 тоннасының бағасы 25 000 теңге тұратын 5 млн. тонна астық сатып алуда, оның 753 мың тоннасы 6 қазанда сатып алынды.

Республикада 13,6 млн. тонна сыйымдылығы бар лицензияланған 217 астық қабылдайтын кәсіпорын жұмыс істейді. Соған қоса, ауыл шаруашылығы құрылымдарында 8,9 млн. тонна астықты сақтауға мүмкіндік беретін сыйымдылықтар бар. Бұл сыйымдылықтардың барлығы 22,5 млн. тонна астық сақтауға шамасы жетеді, соған қоса егін бітік шыққан жылдарға да жеткілікті. Нан қабылдау кәсіпорындарындағы (НҚК) және АШТӨ уақытша астықты сақтауға арналған асфальтталған алаңдар қосымша 3,5-4,0 млн. тонна егінді сақтауға мүмкіндік береді.

Астықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа НҚК салу арқылы қамбалардың қуаттылығын кеңейту бойынша шаралар қабылдануда. 2010 жылдың басынан бастап осы уақытқа дейін "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның қатысуымен жалпы сыйымдылығы 327 мың тонна астық сақтауға арналған 13 астық қоймасы пайдалануға берілді. 2011 жылдың қазан айында 61 мың тоннаға арналған тағы екі астық қамбалары іске қосылмақ.

НҚК астықты орналастыру мәселелері негізгі астық егетін аймақтарда: Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бар. Былтырғы жылдан қалған астықты есептегенде 10,6 млн. тонна сақтау қуаттылығы бар шамамен 17 млн. тонна сақтау алда тұр.

Ауыл шаруашылық құрылымдары үшін қалыптасқан күз мезгіліндегі ауа-райының қолайлығын ескере, АШТӨ 2011 жылдың егін жинау науқанының келесі тәсілі таңдалды. Жиналып кептірілген астық ауылшаруашылық құрылымдарында астық қамбаларында да жинақталуда. Қазіргі таңда элеваторлар жартылай ғана жүктелген және жоғары ылғалды құрамды астықты қабылдауға дайын.

Қазіргі кезде "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ 500 мың тонна азық-түліктік астықты солтүстік облыстардың астық қабылдау кәсіпорындарынан басқа облыстардың бос тұрған элеваторларына көшіруді жүзеге асыруда. Осы шараларға Үкімет резерватынан 1,7 млрд. теңге бөлінуде, бүгінгі күні 140 мың тонна астық тасымалданды.

"Казақстан темір жолы" ҰК" АҚ тарапынан астық таситын вагондармен қамтамасыз ету мәселесі жедел шешілуде.

Сондай-ақ астық экспортына, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден артық астықты сатып алуға қолдау көрсету шаралары қабылдануда. Биылғы астықтың жоғары экспорттық әлеуетін ескере отырып, жалпы көлемі 2,5 млн. тонна астыққа Мемлекеттік комиссияның шешімімен Ауыл шаруашылығы министрлігінің экспортқа астық тасымалдау кезінде Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы территориясы арқылы өтетін көлік шығындары 1 тоннасы 40 АҚШ доллары есебінен арзандатылуда. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 15 млрд. теңге, оның ішінде 2011 жылы - 5 млрд. теңге, 2012 жылы 10 млрд. теңге бөлінбек.

Қолда бар астықты тасымалдайтын 5200 көліктің айына 400-500 мың тонна астық тасымалдауды қамтамасыз ететіні ескеріліп, қазір "Русагротранс" ЖАҚ-пен астық таситын вагондарды жалға беру туралы келісімге қол жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны