09.06.2008, 14:17 2642

Азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауы Ыстықкөлдегі пансионаттарға баратын жолдамалар құнының көтерілуіне әсер етті

Азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауы Ыстықкөлдегі пансионаттарға баратын жолдамалар құнының көтерілуіне әсер етті

Бішкек. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауы Ыстықкөлдегі пансионаттарға баратын жолдамалар құнының көтерілуіне әсер етті. Бұл туралы агенттік тілшісіне бір туристік агенттіктің қызметкері хабарлады.

Биыл қымбат емес бір пансионатта үш мәрте тамақтана отырып демалу құны $25 болмақ, ал былтыр ол $20 құраған.

Б. Молбашеваның айтуынша, пансионаттар мен коттедждерге жолдама құны орта есеппен 15 - 20%-ға қымбаттады. "Қымбат пансионаттардағы жанға жайлы демалатын жайлар тәулігіне орта есеппен $120 - 140 болмақ, ал 2007 жылы бұл баға Ыстықкөлде демалығысы келетіндер үшін $100 - 110 болған. Ал ыстық суы, душы, жолдамаға қамтылған үш уақыт тамағымен ең қымбат "Карвен 4 сезона" қонақүйінде демалу бір адамға күніне $200 болмақ. Былтыр бұл баға 150 - 160 АҚШ долларын құраған", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны