09.06.2008, 11:10 1620

Азық-түлік саммитіне қатысушылар қорытынды декларацияны мақұлдады

Азық-түлік саммитіне қатысушылар қорытынды декларацияны мақұлдады

Алматы. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Римде өткен азық-түлік саммитіне қатысушылар әлемдік азық-түлік дағдарысына жауап қатудың кезек күттірмес және ұзақ мерзімді шараларын жүзеге асыруға уәде бере отырып, қорытынды декларацияны мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Онда азық-түлік көмегін көрсету, әлеуметтік қорғау, ауылшаруашылығын дамыту, күн райының өзгерісі жағдайына бейімделу, биоотын өндірудің азық-түлік қауіпсіздігіне әсерін зерттеу жөніндегі нұсқаулар бар.

БҰҰ бас хатшысының гуманиарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Джон Холмстың журналистерге хабарлауынша, саммитте шешуші үш мәселе бойынша консенсусқа қол жетті: азық-түлік өнімдерінің шұғыл қымбаттауынан артықша зардап шеккен елдерге жедел қайырымдылық көмек көрсетуді қарқындандыру қажеттігі; азық-түлік өнімдерін экспорттауға, әсіресе қайырымдылық көмектерді шығаруға қойылған шектеулерді қысқарту; ауылшаруашылығына салынатын инвестициялар көлемін арттыру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны