27.06.2008, 17:01 3346

Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының басшысы Қазақстан, Ресей мен Украинаның ауылшаруашылығы саласының пайдаланылмаған әлеуеттеріне назар аударды

Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының басшысы Қазақстан, Ресей мен Украинаның ауылшаруашылығы саласының пайдаланылмаған әлеуеттеріне назар аударды

Алматы. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) басшысы Қазақстан, Ресей мен Украинаның ауылшаруашылығы саласының пайдаланылмаған әлеуеттеріне назар аударды, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Бүгін Австрияның Инсбрук қаласында БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) Еуропаға арналған 26-шы өңірлік конференциясы басталды. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген ФАО бас хатшысы Жак Диуф азық-түлік өнімдері бағасының жедел өсуі Еуропа мен Орталық Азияның бірқатар елдерінде кейінгі 10 жылда қол жеткізілген табысты желге ұшыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ол Қазақстан, Ресей мен Украинаның ауылшаруашылығы саласының пайдаланылмаған әлеуеттеріне назар аударды.

Ж.Диуфтың пайымдауынша, қолайлы саяси жағдайларда және инфрақұрылымға инвестиция жұмсалған жағдайда бұл елдерде қоршаған ортаға қандайбір залал келтірмей-ақ кем дегенде 13 млн гектар егістік жерлерді өндіріске қайта қайтаруға болады.

Бұл елдерде қазіргі шығымдылық ауылшаруашылығын жүргізудің заманауи көзқарастары мен қазіргі заманғы технологиялар пайдаланылатын Орталық және Шығыс Еуропа елдерінен үш есе төмен.

ФАО өкілі әсіресе Орталық Азиядағы ауыл тұрғындары арасындағы кедейлікпен күресуге, ауылға арнап, соның ішінде мал дәрігері, балық шаруашылығы, орман шаруашылығы мен агрономия салаларында білікті мамандар дайындауға ауқымды қаржы бөлуге шақырды. Ол өңір елдерінің үкіметтері отбасылық фермерлік шауашылықтар мен жеке меншік секторды дамытуға қолдау көрсетуге тиіс екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны