29.10.2021, 20:42 148441

ҚазМұнайГаз газ өндіруді қаңтар - қыркүйекте 5,9%-ға, мұнай өндіруді 3%-ға қысқартты

Газ тасымалдау 12,0%-ға өсіп, 71 036 млн текше метрді құрады.

НҰР-СҰЛТАН. 29 ҚАЗАН - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2021 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚМГ" ҰК АҚ баспасөз қызметінде 2020 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2021 жылдың тоғыз айындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер жарияланды:

- Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2020 жылдың тоғыз айындағы 16 423 мың тоннамен салыстырғанда 15 923 мың тоннаны құрады (-3,0%);

- Мұнай тасымалдау көлемі 2020 жылдың тоғыз айында 55 225 мың тоннамен салыстырғанда 55 727 мың тоннаны құрады (0,9%-ға өсу);

- Газ тасымалдау 12,0%-ға өсіп, 71 036 млн текше метрді құрады;

- Қазақстан және Румынияның МӨЗ-інде көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі бір жыл бұрынғы 13 081 мың тоннаға қарағанда 7,7%-ға өсіп, 14 083 мың тоннаны құрады.

Бұдан басқа, есепті кезеңде ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 5,9%-ға, 5 811 млн текше метрге дейін төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны