07.04.2019, 15:13 12915

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ жанар-май құю стансаларының желісін сатты

"ҚМГ-Retail" ЖШС-ін сату yellow pages қағидаттарына сай квазимемлекеттік сектор үлесін азайту жөніндегі ҚМГ жоспарларымен байланысты, сондай-ақ ҚМГ-ның даму стратегиясына сәйкес келеді.

Нұр-Сұлтан. 7 сәуір. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ жанар-май құю стансаларының желісін сатты.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) жанармай-құю стансалар желісін иелік еткен "ҚМГ-Retail" ЖШС компаниясындағы 100 пайыздық үлесін 60,5 млрд. теңгеге сатқанын хабарлайды.

2018 жылғы 12 желтоқсанда мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының сайтында "ҚМГ-Retail" ЖШС-ін сату бойынша электрондық сауда-саттық болып өтті. Сауда-саттық, оған қатысқан компаниялар, оның жеңімпазы туралы ақпарат және т.б. www.gosreestr.kz сайтында орналасқан. 2019 жылдың 8-ші ақпанында конкурс жеңімпазы "Petro-Retail" ЖШС мен "ҚМГRetail" ЖШС-нің 100 пайыздық үлесін сатып алу-сату шарты жасалды.

Осы жылдың 1 сәуірнен бастап, ҚМГ еншілес компаниясы "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС мен "ҚМГ-Retail" ЖШС арасындағы жанармай құю стансаларын жалға алу және пайдалану туралы келісім шарт күшін жойды.

Сәйкесінше, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап жанармай құю стансаларының жұмысын жүргізу "PetroRetail" ЖШС-не өтті . Активті сату кезінде жаңа иеленушіге қызметкерлердің жұмыс орнын сақтап қалу талабы қойылды.

Оған сәйкес, жаңа меншік иесі ҚМГӨ және оның филиалдарының өндірістік персоналын түгелдей қазіргі шартпен кемінде алты айға жұмысқа қабылдауы керек.

Сондай-ақ байқаудың талабы мен сатып алу-сату шартында көрсетілгендей "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС желісінің саудалық атауы 2019 жылдың соңына дейін қолданыста болады.

"ҚМГ-Retail" ЖШС-ін сату yellow pages қағидаттарына сай квазимемлекеттік сектор үлесін азайту жөніндегі ҚМГ жоспарларымен байланысты, сондай-ақ ҚМГ-ның даму стратегиясына сәйкес келеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны