01.04.2020, 14:27 8498

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Шымкент филиалы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларының бұзылуын тез арада жою туралы нұсқама берілді.

Алматы.1 сәуір. Kazakhstan Today - "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Шымкент филиалы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ШӨФ тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынубағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабы 4 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларының бұзылуын тез арада жою туралы нұсқама берілді.

Айыппұл сомасы 2 180 000 теңге құрады, ол толығымен төленді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны