01.10.2021, 20:12 37974

БҚДА сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құнын екі есеге төмендетті

Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес 17,6 АЕК (51 619 теңге) көлеміндегі сома негізделген баға болып табылады.
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚАЗАН - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сараптама қорытындысы бойынша сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу бағалары екі есе төмендетілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
БҚДА ақпараты бойынша, бастапқыда бұл қызметті жүзеге асыру үшін Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" ШЖҚ РМК-да 35 АЕК (102 095 теңге) мөлшерінде баға ұсынды. Мемлекеттік монополия енгізілгенге дейін бұл қызметтің бағасы 1 адам-күні 25 АЕК-ті құрады.
 

Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес 17,6 АЕК (51 619 теңге) көлеміндегі сома негізделген баға болып табылады, бұл бастапқы ұсынылған бағадан 48,6%-ға төмен. Сонымен қатар, болашақта бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Агенттік бағаларды айлық есептік көрсеткішке байланыстырмай, атап айтқанда 1 адам-күні үшін 51 619 теңгені белгілеуді ұсынды", - делінген агенттіктің хабарламасында.

 
Техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес Ұлттық аккредиттеу орталығы көрсететін қызметтерге баға белгілеу туралы соңғы шешімді уәкілетті орган – Сауда және интеграция министрлігі қабылдайды.
 

Мемлекеттік монополия субъектілерінің бағаларына сараптама жасау монополияға қарсы орган қызметі бағыттарының бірі болып табылады және монополиялық құрылымдардың тауар нарықтарына теріс әсерін нивелирлеу мақсатында жүзеге асырылады", - деп атап өтті БҚДА.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны