21.10.2019, 15:18 11258

БҚО-да жүкті жалған тұлғаға әкелмек болған кезде нақты импортшы анықталды

Көлік құралы жүкті нақты алушы анықталғанға дейін арнайы тұраққа қамалды. Жүргізушіге қатысты құжаттарда дұрыс емес деректер фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды.

Алматы. 21 қазан. Kazakhstan Today - БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тақырыптық салықтық тексеру барысында БҚО ІІД-мен бірлесе отырып, Орал қаласында құны 1 801 200 рубль болатын 18 960 кг "Крестьянский" құс етінен жасалған фарш түріндегі жүк автотраснпорттық құралын ұстады.

Көлік жүргізушісі DAF автокөлігімен жүк тасымалын жүзеге асырып, РФ, Самара қ. "Мясной Мир" ЖШҚ жүк жөнелтушінің мүддесін білдірді.

Жүк ҚР, Орал қаласындағы "Прод-Интерсервис" ЖШС үшін арналған, ол ақпараттық жүйелердің деректеріне сәйкес 2010 жылдың 15 сәуірінен бастап әрекетсіз болып табылады және тауарлар импортына қатысы жоқ.

Осылайша, тауар-көлік жүкқұжатында және СMR-да Жүк алушы туралы ақпаратты бұрмалау түрінде бұзушылықтарға жол берілді, бұл ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 30.04.2015 ж. №546 бұйрығын бұзу болып табылады.

Көлік құралы жүкті нақты алушы анықталғанға дейін арнайы тұраққа қамалды. Жүргізушіге қатысты құжаттарда дұрыс емес деректер фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды.

Кейінірек, мемлекеттік кіріс органдарына табыс етілген өтінішіне сәйкес мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға нақты жүк алушы болып анықталды.

Алушыға ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен тауарды алып қою актісімен әкімшілік материал жасалып, материалдар Орал қаласының әкімшілік сотына жіберілді.

Әкімшілік сот кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз және импортталатын тауарларға ҚҚС төлемей жүзеге асырғаны үшін айыппұл салды.

Жеке тұлға Орал қаласы бойынша ҚІІБ-не 1,3 млн.теңге сомасында ҚҚС төлеумен жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою туралы өтініш берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны